From Wikipedia, the free encyclopedia
Үйір — жылқы тобы.
Бұл топқа саны әр түрлі жылқы топталып, бие үйірі, қысырақ үйірі, айғыр үйірі деп аталады. Бие үйірі жасына, жынысына қарай буаз биелер, құлынды биелер болып бөлінеді. Бие үйірі 100 — 150 биеден, қысырақ үйірі 140 — 160 қысырақтан құралады. Үйірдегі жылқы саны ең көп дегенде 250-ден аспау керек. Одан көбейсе жаю, суару қиындайды. Үйірде жас, кәрі, ауру, арық және өте семіз жылқыларды бірге ұстауға болмайды. Шағылысу кезінде әр айғырға жеке үйір белгілеу керек. Жас айғырға 15 — 20 бие, сақа айғырға 20 — 30 биеден үйір құрайды. Олар екі апта бойы үйірін меңгеріп, басқа айғырды жолатпағанша бақылауда болады. Үйірге салынатын айғыр мал дәрігерлік тексеруден өтіп, зоотехникалық талаптарға сай іріктеліп алынады. Айғырды үйірге салу кезінде жылқылардың өнімділік қасиеттері, тұқымдық ерекшеліктері мен шығу тегі және алдағы уақыттағы асылдандыру-сұрыптау жұмыстарының бағыты, т.б. ескеріледі. Кейбір шаруашылықта көктемнен күзге дейін жеке байтал үйірі құралып, оған күйлеген байталдарды шашау шығармай ие болу үшін азбан айғыр немесе ақта ат қосылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.