![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d6/LawrenceCyclotronMagnet.jpg/640px-LawrenceCyclotronMagnet.jpg&w=640&q=50)
Циклотрон
From Wikipedia, the free encyclopedia
Циклотрон (цикл және (элек) трон) — иондардың резонанстық циклдік үдеткіші.
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d6/LawrenceCyclotronMagnet.jpg/320px-LawrenceCyclotronMagnet.jpg)
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/39/Cyclotron_patent.png/640px-Cyclotron_patent.png)
Оның басқарушы тұрақты магнит өрісі мен үдетуші жоғары жиілікті электр өрісі (жиілігі тұрақты) болады. Циклотронды 1930 ж. америка физигі Э.Лоуренс ойлап тапқан. Мұндай үдеткіште бөлшек иондар көзі орналасқан орт-тан тұрақты ток электрмагнитінің шетіне қарай спираль траектория бойымен айналады. Сонда бөлшек металл электродтардың — дуанттардың арасындағы саңылаудан ұшып өткенде, жоғары жиілікті электр өрісінен қосымша энергия алады да, үдей қозғалады . Циклотронда протондар 10 — 20 Мэв-қа дейін үдетіледі; қ. Зарядты бөлшек үдеткіштері.[1]
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, XVIII том
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |