Талқан — қуырылған бидайдан, арпадан жүгеріден ұнтақталып дайындалады. Ерте кезде талқан дайындаудың екі тәсілі болған. Бірі — қол диірменге тарту, екіншісі — келіге түю. Екі тәсілмен дайындағанда да талқанның майдаланып, байқалып қоятын түйіршіктері болады, оны «талқанның сағы» дейді. Талқанның сағын бөліп алу үшін жайпақ табаққа салып екшелейді. Сонда сағы талқанның бетіне бөлініп шығады да, ұнтағы астында қалады. Бетіндегі сақты алып тастай отырып, талқанның ұнтағын бөліп аладьк Талқан аса дәмді әрі құнарлы тамақ. Оңы майға, кілегейге, қаймаққа кеулеп жеуғе де, шайға салуға да болады. Талқан салған шай қою болады әрі тез суиды. Оны жентке қосады. Талқаннан әзірлейтін тамақты <сарталқан> немесе «майталқан» деп атайды. Сарталқан дайындағанда талқанды қойдың құйрық майына немесе жылқының майына араластырып, баяу жанған отқа қойып қуырады. Талқанды құмшекер салып дастарқанға құрғақ күйінде қоюға да болады. Оны кебегі көк тазартылмаған бидай ұнынан (2 не 3 сорт ұннан) әзірлеуге де болады. Ол үшін аздап май жағылған қазанға шақтал ұн салып ақырындап қуырады. Қуырылып қызыл-күрең тартқан ыстық талқанға сары май және құмшекер қосады, сонда ол өте дәмді болады. Оны балалар да сүйсініп жейді. Ұн талқанын майға, кілегейге, сүтке араласты-рып жеуге, шайға салып ішуге болады. 1 кг тал-қанға—200 г құмшекер, 200 г май қажет.[1]

Thumb
Талқан

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.