From Wikipedia, the free encyclopedia
Сыйымдылық (Емкость; capacity) — 1) компьютер жадына, сақтау құрылғыларына жазуға болатын мәліметтердің ең көп мөлшері (өлшем бірліктері: бит, байт, сөз немесе таңба). Биттермен, байттармен (Кб, Мб, Гб), символдармен немесе сөздермен өлшенеді; 2) байланыс арнасында — мәліметтер жеткізу (өткізу) мүмкіндігі (бір секундта өткізілетін мәліметтер көлемі); 3) машиналық сөздің немесе регистрдің ұзыңдығы.
Ақпараттық сыйымдылық (Информационная емкость; information capacity) — құжат немесе хабарлама құрамындағы ақпараттың орташа мөлшері энтропия формуласымен анықталады: п — хабарламадағы мәндер саны, ji — і-ші хабарламадағы ақпараттар саны. Егер барлық мәндердің ықтималдығы бірдей болса, онда H=m*log2n , мұнда: т — хабарламадағы белгілер саны, и—алфавиттегі белгілер саны.
Желі арнасының сыйымдылығы (Емкость канала связи; communication chanel capacity) — уақыт бірлігі аралығында белгілі бір арнамен жіберілуге болатын ақпараттың максималды мөлшерімен анықталатын желі арнасынын сипаттамасы; арнаның өткізушілік қабілеті.
Код сыйымдылығы (Емкость кода; code capacity) — берілген кодпен бір мәнді (қайталанбайтындай) етіп кодтауға болатын элементтердің максималды (объектілер және олардың қасиеттері) саны. Қарапайым жағдайда — өзара өзгеше кодтар комбинациясы. Біркелкі кодтар үшін N=mk, мұндағы т — код алфавитіндегі символдар саны, к — код комбинациясының разрядтар саны (ұзындығы).
Регистр сыйымдылығы (Емкость регистра; register capacity) — битпен, байтпен немесе цифрлар санымен өлшенетін регистр ұзындығы.
Дисплей экранының сыйымдылығы (Емкость экрана дисплея; screen capacity) — дисплей экранында орналастыруға болатын максимальды таңбалар саны. Экран жолының ұзындығы (позициялар саны) мен жолдар санының көбейтіндісімен анықталады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.