From Wikipedia, the free encyclopedia
Сахалин — Азияның шығыс жағалауында орналасқан арал. Ресейдің Сахалин облысы құрамына кіреді. Осы елдегі ең үлкен арал. Охота және Жапон теңіздерімен шектеседі. Құрлықтық Азиядан Татар бұғазы арқылы бөлінген (ең қуыс жері — Невельский бұғазында — ені 7,3 км-ге тең және қыста қатады); жапониялық Хоккайдо аралынан — Лаперуз бұғазы арқылы бөлінген.
Сахалин орыс. Сахалин | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 76 600 км² |
Ең биік нүктесі | 1609 м |
Тұрғындар (2010 жыл) | 493 000 адам |
Халық тығыздығы | Айтылым қатесі: Күтілмеген оператор < адам/км² |
Орналасуы | |
51° с. е. 143° ш. б.51° с. е. 143° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Тынық мұхит |
Ел | Ресей |
Аймақ | Сахалин облысы |
Сахалин Ортаққорда |
Сахалиннің климаты — қоңыржай-муссонды (қаңтардағы орташа температура оңтүстігінде −6ºС-дан солтүстігінде −24ºС-ке дейін, тамызда — сәйкесінше +19ºС-дан +10ºС-ға дейін), ұзақ салқын қарлы қысы және орташа жылы жазы бар теңіз климаты. Аралдағы орташа жылдық температура (көп жылғы мәліметтер бойынша) солтүстігінде шамамен −1,5ºС, ал оңтүстігінде — +2,2ºС.
Сахалин — Ресей Федерациясы құрамындағы халқы жөнінен ең ірі арал. 2010 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Сахалин мен Курил аралдарындағы халық саны 510,9 мың адамды құрады[1], Сахалин аралының өз халқы 493 мың адам болды.
2002 жылғы жалпыресейлік санақтың нәтижесі бойынша аралды 527 268 адам мекендейді, оның ішінде 253 304 ер және 273 964 әйел адам. Халықтың 84 %-і — этникалық орыстар, қалғандары — корейлер (5,6 %), украиндар (4,0 %), татарлар (1,2 %), белорустар (1,0 %), мордвалар (0,5 %), 1 %-тен аз бөлігін Солтүстіктің байырғы тұрғындары — нивхтар (0,5 %) мен ороктар (0,06 %) құрайды.
Сахалиннің ең ірі қаласы — облыс орталығы Южно-Сахалинск (190 227 адам), қалған салыстырмалы түрде үлкен қалалары — Корсаков (33 148 адам), Холмск (29 563 адам), Оха (21 830 адам), Поронайск (15 476 адам), Долинск (11 885 адам), Невельск (10 965 адам)[2].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.