From Wikipedia, the free encyclopedia
Дерматомикоз немесе сапролегниоз – әртүрлі тұщы су балықтарының терісі, желбезектері және жүзу қанаттары зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл саңырауқұлақтар тудыратын ауру ерте уақыттан балықты қолдан тоған суларында және өндірістік тәсілмен өсіру басталғаннан бері белгілі.
Қоздырушысы– фикомицеттер саңырауқұлақтарының Saprolegnia және Achlya туыстығына жататын шартты түрде зардапты микроорганизмдер. Көбінесе балық денесі мен уылдырықта табылатын қоздыруышылар: S. parasitica, S.ferax, S.mixta және A.flagella. Бұл саңырауқұлақтар сулы ортада кеңінен тараған.
Сапролегниозбен балық кез еклген жасында ауырады. Ауру балық ашыққанда, жарақаттанғанда, судың аздық және тұздық құрамы бұзылғанда жылдың кез келген маусымында байқалады. Сапролегниоз көбінесе басқа жұқпалы инфекциялық және инвазиялық ауруларға қабаттасып өтеді. Сапролегниозға жарақаттанған және тіршілігін жойған кезде уылдырық та шалдығады. Оны биссус деп атайды.
Балықтың терісінде, жүзу қанаттары мен желбезектерінде саңырауқұлақтың ұйысқан жіпшелерінен тұратын мақта тәрізді тозаңды қабат кездеседі. Теріні тесіп, жіпшелер бұлшық етке, тіпті ішкі ағзаларға өтіп кетеді. Күшті зақымданған балықтар өліп қалады.Балау ауруға шалдыққан балық пен уылдырықты мұқият тексеріп қарағанда қиынға түспейді. Мақта тәрізді тозаң қабатта микроскоппен қарағанда саңырауқұлақтың жіпшелері мен зооспорангиялары көрінеді.
Ауруға шалдыққан балықтарды емдік ванналарға салады. 2 – 5 % ас тұзында 5 минут, 1:200 000 малахит жасылында 1 сағат ұстайды. Уылдырықты зарарсыздандыру үшін 1:500 – 1:1 000 формалин (экспорициясы 15 мин), 1:200 000 тотыяйын (60 мин), 1:100 000 калий перманганаты (15 мин), 1:200 000 малахит жасыл (60 мин), 1:100 000 метилен көгі (30 мин) қолданылады.
Сапролегниоздың алдын алу үшін балықтың әлсіремеуіне және жарақаттанбауына жағдай жасайды. Уылдырықпен жұмыс істегенде, оны жинағанда және ұрықтандырғанда өте мұқият болып, судың тұнықтығын бақылап, инкубация жабдықтарын таза ұстау уылдырықты сапролегниозға шалдығудан сақтайды. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.