From Wikipedia, the free encyclopedia
Пропилен, пропен, — қанбаған көмірсутек; түссіз жанғыш газ, балқу —185° С, қайнау — 47,7° С. Пропилен мұнай өнімдерін пиролиздеу, крекингілеу кезінде бөлінетін газдардың және аз мөлшерде кокс газының құрамында болады. Оны өнеркәсіпте мұнайды қайта өңдеуде шығатын газдардан, хром катализаторының қатысында, пропанды жоғары температурада дегидрогендеу, бутанды пиролиздеу арқылы алады. Өнеркәсіпте Пропиленнің катализдік өзгерістері жиі қолданылады. Пропиленді катализдік тотықтыру арқылы Пропилен тотығын, акролеин, ацетальдегид т. б. қосылыстар алуға болады. Пропилен — мұнай химиялық өндірісінде және пластмасса, каучук, еріткіштер алуда пайдаланылатын маңызды шикізат.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.