From Wikipedia, the free encyclopedia
Мылтық– оқ-дәрімен атылатын қару. Аңшылық кезінде және соғыста қолдану үшін жасалған. 14–15 ғасырларда алғаш рет аркебуза, кулеврина, пищаль деген атпен Еуропада белгілі болды. Мылтықты 15–16 ғасырларда қазақ ұсталары қолдан соқты. Оның иыққа тіреп атуға ыңғайлы ағаштан жасалған құндағы, оқтығы (оқпаны, түтесі), шүріппесі, шаппасы, пілтесі, жерге тіреп қоятын тіреуіштері болды. Мылтықтың қазақ арасында пілтелі, жалғыз ауыз, қосауыз, жездіауыз, көкберен, бытыралы мылтық сияқты түрлері болған. Пілтелі Мылтық 16–18 ғасырларда жоңғар басқыншылығына қарсы соғыста қолданылды. Оған жерге тірелетін 3 сирақ орнатылды. Аузынан оқталып, дәрісі мақта пілтемен тұтатылды. Халық арасында оның оқтығы ұзын, салмағы ауыры «шамқал», алысырақ ататыны «күлдір мамай» деп те аталды. Жалғыз ауыз Мылтық жеке оқпен оқталады. Мылтықтың жетілдірілген түрлері Испанияда, Швецияда жасалды. 19 ғасырдың 30-жылдары француз шебері К.Лефошенің (1833), неміс шебері И. Н. Дрейзенің (1836) құндақ жағынан оқталатын Мылтықтары пайда болды. Құндақ жағынан оқталатын жалғыз ауызды, қосауызды, түтісі қырлы, жылтыр Мылтықтар Францияда, Бельгияда, Ұлыбританияда, Германияда шығарылды. 19 ғасырдың 70–90-жылдары орыс инженерлері А. П. Горлов пен К. И. Гунниустің техникалық жағынан жетілдірілген бір зарядты «орыс винтовкасы» — берданка, С. И. Мосиннің қайырма бекітпелі винтовкалары жасалды. Азамат соғысы жылдары (1918–20) маузер, револьвер, наган секілді жеңіл Мылтықтар пайдаланылды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Мылтықтың жетілдірілген түрлері: автомат-карабин, тапанша, мергендік винтовка, спорт винтовкалары мен пистолеттері, тағы басқа шыға бастады[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.