From Wikipedia, the free encyclopedia
Кессон (франц. caіsson – жәшік) – 1) су астында немесе сулы жерде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде судан қорғайтын (яғни суды жібермейтін) құралым, оның ішіндегі су сорғы арқылы айдап шығарылады. Негізінен көпір тірегін,гидротехникалық құрылыстар салғанда, кеме табанын жөндегенде қолданылады; 2) металлургияда – ішіндегі су айналымымен немесе суды буландыру арқылы суытылатын болат темірден жасалған суытқыш қорап. Олардан шахталы, Кивцэт пештерінің суытылатын қабырғалары құрастырылады. Мартен пештері көмейінің газ жолдарын суыту және оларға белгілі бір пішін беру үшін де пайдаланылады. Шахталы пештің жоғары температура әсер ететін бөліктері түгелдей суытқыш қораппен жабдықталады. Сумен салқындату барысында Кессонның ішкі беті суытылған қатты өнім қабатымен қапталып, Кессонның істен шығуына мүмкіндік бермейді. Кессонның сыртқы бетінің қызу температурасы оны жабуға пайдаланылған отқа төзімді материалдың қасиетімен анықталады; 3) ұшақ қанатына әсер етуші күшті қабылдайтын қорап пішінді құралым (лонжерон). [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.