Кереңдік
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кереңдік — дыбыс есту қабілетінің нашарлауы немесе мүлдем естімеуі. Құлақ мүкістігін кереңге жатқызуға болмайды. Керең туа және жүре пайда болған деп бөлінеді. Туа пайда болған кереңдік тұқым қуалап, ұрық эмбрионының іштегі дамуы кезінде есту анализаторының немесе туу кезінде оның бөліктерінің зақымдануынан болады. Сондай-ақ, жүкті әйелдердің түрлі жұқпалы аурулармен науқастануы, улануы да әсер етеді. Жүре пайда болатын кереңдік адамның түрлі ауруларға (миқұрт, қызамық, мерез, құлақ аурулары, қан құйылу, кездейсоқ жарақаттану т.б.) шалдығуынан болады. Кейде жүрек қан-тамыр аурулары, атеросклероз, гипертония аурулары, ұзақ айқай-шу, т.б. құлаққа әсер етуі мүмкін. Мамандыққа байланысты (сүңгуірлер, қопарылыс жасайтын жұмысшылар) қауіпсіздік техникасын сақтамау да кереңдікке шалдықтыруы мүмкін (қ.Кәсіби аурулар). Бұл кеселден сақтану үшін оны туғызатын түрлі құлақ ауруларын асқындырмай дер кезінде емдеу керек, кәсіпорындарда санитариялық-гигиеналық ережелер сақталуы қажет. Құлақтың дыбыс қабылдауын қалпына келтіру үшін дыбыс зорайтқыш, есту аппараты пайдаланылады.[1]
Кереңдік | |
Кереңдіктің халықаралық нышаны | |
өңдеу |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.