- Карьер[1] (французша carrière – тас алынатын шұңқыр) – кен байлықтарын ашық кен өндіру әдісімен алу кезінде пайда болатын тау-кен қазбаларының жиынтығы; кен байлықтарын ашық әдіспен өндіретін тау-кен кәсіпорны.
- Көмір өндірісінде карьер көмір қимасы деп аталады.
- Ашық әдіспен кен өндіру палеолит дәуірінен белгілі. Ең алғашқы ірі карьерлер ежелгі Египетте пирамидалар салуға байланысты пайда болған.
- Ауданы бірнеше км² , тереңд. 300 – 400 м-ге жететін, қабырғалары көлбей сатыланған өте үлкен шұңқыр түрінде қазылған.
- Кен қалыңдығы 10 – 20 м-лік қабаттармен сатылап қазылып алынды.
- Қазіргі карьерлерде жұмыс өнімділігі жоғары машиналар мен механизмдер жұмыс істейді. Қопару ұңғыларын бұрғылау үшін бұрғылау қондырғылары қолданылады. Аршу, өндіру жұмыстарында кентас, бос жыныстарды тасымалдау үшін жүк көтергіштігі 100 – 300 т карьерлік автокөліктер пайдаланылады. Сондай-ақ, электрлендіру, желдету, судан құрғату жұмыстары жүргізіледі.
- Қазақстанда аса ірі Қоңырат, Соколов-Сарыбай кен орындарында, Екібастұзда (мысалы, “Богатырь” көмір қимасы) көптеген карьерлер бар.
Дереккөздер:
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.