Исрафил — Аллаһқа жақын төрт періштенің бірі. Ол адамдар мен әлем жөніндегі Аллаһтың бұйрығын оқиды және оны орындау үшін періштелерге тапсырады. Діни әңгімелерде оның жанынан тастамайтын құралы — керней өлілер тірілетін күні ойналатыны, Иерусалимдегі қасиетті жартасқа шығып ойнаған сәтте адамдардың бәрі өліп, содан соң зираттарынан қайтадан жарық дүниеге шығады делінеді.

Кейбір аңыздарға қарағанда, Исрафил Мұхаммедке (с.а.у.) Аллаһ рахымын тұңғыш жеткізген періште және оны бірнеше жыл желеп-жебеп жүрген, кейін оны Жәбрәйілге тапсырған.

Исрафил тұлғасы космостық өлшеммен суреттеледі, аяғы жердің төменгі қабатында, басы Аллаһтың тағы жанында деп және оның төрт қанаты барлығы айтылады. .[1]

Дереккөздер

  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.