From Wikipedia, the free encyclopedia
Гипотеза (гр. ὑπόθεσις — негізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.[1]
Әдетте гипотеза өзін құптайтын байқауларға (мысалдарға) негізделе жасалады, сондықтан рас болып көрінеді. Гипотезаны аяғында не дәлелдеп ақиқатқа айналдырады, немесе одан (қарсы мысал келтіру арқылы) бас тартып алдамшы тұжырымдамаға жатқызады. Ал, бас тартпаған және дәлелденбеген гипотезаны ашық мәселе (проблема) деп атайды.гипотезаның пайда болуы ежелгі дәуірдегі математиканың дамуымен тығыз байланысты. Көне заман математиктері гипотезаны матем. есептер шешімін дәлелдеу әдісі ретінде ұсынды және алғашқы жобаның дұрыстығын тексеру мақсатымен олардан қорытынды жасайтын дедуктивтік ойлау әдістерін кеңінен қолданды. Платон гипотезаны ой қорытудағы абс. ақиқат сипатты қамтамасыз ететін дәлелдеудің синтез талдау әдісі ретінде қарастырды.
Гипотезаның жалпылығы — шамамен гипотезаның әрекет етуі таралатын нақты құбылыстар мен объектілер саны.[1]
AD HOC гипотезасы - тек қана теорияны мүмкін болатын жоққа шығаратын дәлелдерден қорғау үшін оның түсіндірмесіне қосылатын гипотеза.
Сапира-Уорфа гипотезасы - лингвистикалық категориялар перцептуалды және когнитивті категорияларды құрылымдайтындығы туралы тезис.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.