From Wikipedia, the free encyclopedia
Герпетология (грек. herpeton – бауырымен жорғалаушылар және logos – ілім) – бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы. Бұрын Г. тек бауырымен жорғалаушыларды ғана зерттесе, қазір оның құрамына қосмекенділерді зерттейтін батрахология (грек. batrachos – бақа және logos – ілім) саласы енді. Герпетология бойынша жүйелі зерттеулер Қазақстанда 1930 жылдан бері жүргізілуде. Морфологиялық, физиология және гельминтология зерттеулер жүргізіліп, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің жүйеленімі жасалды, оларды шаруашылыққа тиімді пайдалану мәселелеріне көңіл бөлінуде. Герпетология жөніндегі зерттеулерді ҚР-ның Білім және ғылым мин-нің Зоология институты үйлестіріп отырады.Бауырымен жорғалаушылардың коллекциясы жасалып, олардың биоценоз құрудағы рөлі анықталды; сирек кездесетін және жойылып бара жатқан бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер есепке алынып, олардың ареалы (таралу аймағы) айқындалды; қосмекенділердің жаңа 1 түрі (Даната құрбақасы), бауырымен жорғалаушылардың жаңа 2 түрі (Зайсан жұмырбас кесірткесі, Шұбар кесіртке) табылды. Көп жылдық зерттеу нәтижелері «Қазақстанның бауырымен жорғалаушылары» (К.П.Параскив, 1956ж.), «Қазақстанның қосмекенділері» (К.Ы.Ысқақова, 1959ж.) және «Қазақстанның шөлде мекендейтін кесірткелері» (З.К.Брушко, 1996ж.) жинақтарына енді. Морфол., физиология және гельминтология зерттеулер жүргізіліп, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің жүйеленімі жасалды, оларды шаруашылыққа тиімді пайдалану мәселелеріне көңіл бөлінуде. Герпетология жөніндегі зерттеулерді Қазақстан Білім және ғылым министрілігінің Зоология институты үйлестіріп отырады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.