![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6f/PoolTablewithEquipment-non.jpg/640px-PoolTablewithEquipment-non.jpg&w=640&q=50)
Бильярд
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бильярд биллиард (франц. bіllard, bіlle — шар) — арнайы үстелде шарлармен ойналатын ойын.
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6f/PoolTablewithEquipment-non.jpg/320px-PoolTablewithEquipment-non.jpg)
Бильярдтың отаны Үндістан және Қытай саналады. Еуропада 16 ғасырда, Ресейде Петр І-нің тұсында пайда болған. Үстел шұғамен қапталған, жақтауларында (борттарында) шар түсетін қалтасы бар 6 ұяшығы (лузасы) болады. Ойын үш, бес не он алты шармен ойналады. Нөмірленген шарларды ұяға кимен (ұзындығы 1,5 м таяқ) ұрып түсіреді. Бильярд ойынының “Американка” (лузаға бірінші болып 8 шар түсірген ойыншы жеңеді), “Пирамида” (70 ұпай жинаған ойыншы жеңеді), т.б. түрлері кең тараған. Дүниежүзілік және құрлықтық чемпионаттар 19 ғасырдың соңынан бері өткізіліп келеді.[1]
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |