From Wikipedia, the free encyclopedia
Батыния (араб.: باطنية) — («ішкі», «көзден таса», «жасырын» деген мағынаны білдіретін батын сөзінен шыққан) Құран мен Сүннетті еркін, аллегориялық түсіндіруді жақтаушылардың, одан «құпия» тылсым сыр іздеушілердің жалпы атауы. Заһиршыларға қарама-қарсы батыния қасиетті жазбаларды, «сыртқы», «айқын» нәрселерді қасиетті ақиқат белгілер ретінде қабылдады.
Ақиқаттың астарын ашу мақсатына қол жеткізу үшін аллегориялық түсіндірудің қажеттігін негіздеуде батынияа Құранға жүгінеді. Онда түрлі «сыртқы», «айқын» белгілерге «ішкі», «құпия» нәрселер қарама-қарсы қойылып отырады. Құранды аллегориялық түсіндіру әдісі VIII ғасырда Ирактағы шииттер ортасында пайда болды. Олардың кейбір белгілері яһуди-христиан экзегеттері мен гностиктерінде де бар.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.