From Wikipedia, the free encyclopedia
Ауру - ағзаның тіршілік етіп, өсіп-ену қабілетінің бұзылуы.
Ауру туралы ұғымда әр түрлі көз қарастар болып келген. Ертедегі Рим дәрігері, Гиппократ ауру дегенді 4 түрлі сұйық заттың өзара алмасып, өзгеруіне пайда болады деп есептеген. Бұл туралы материалистік көзқарас негізі Әбу Әли ибн Синнаның еңбегінде басталады. Ол аурудың сыртқы орта жағдайына байланысты болатынын және әр науқастың өзіне ерекше ем қолдану қажет екенін айтқан. Адамның ауруға шалдығуы көбінесе сыртқы орта факторлары себепкер болады. Науқас адамның еңбек қабілеті нашарлап, ішкі-сыртқы құбылыс әсерлеріне бейімділігі төмендейді. Дененің бір жерінен басталған ауру зардабыбірте-бірте барлық ағзаға таралады. Кейде ауры денені тез шарпып әкетеді де, оның қай жерде басталғаны белгісіз болады. Аурудың да, оны тудырғыш факторлардың да алуан түрлі болуына қарамастан, аурудың кезеңі үшке бөлінеді:
Аурудың көп таралуы да, науқас адамның бұған төзімділігі де әлеуметтік жағдайға байланысты. Қысқаша, әлеуметтік аурулар. Мысалы, ИТИС ( туберкулез) ауруы тұрмысты нашарлап, рухани күйі төмендеген жағдайда өрши түседі.
I. Ауру - жарақат, жаралану, сырқат, шектен тыс күшті тітіркендіргіштер әсерінен болатын патофизиологиялық күйді білдіреді. Мұндай кезде әдетте «ауырады», «сырқырайды», «қақсайды», «ауырсынады» сияқты сөз тіркестері айтылады.
II. Ауру (Morbus) - сырқат, ауру. Аурудың әртүрлі анықтамасы белгілі, соның бірі:
1. Ауру-сыртқы және ішкі себептердің әсерінен организмнің құрылысы мен функциясы бұзылған, сонымен қатар оның бейімделу - өтем реактивтігі өзіндік сапада жұмылдырылған өмір, ауруға адамның ортаға толық не жартылай бейімделуі тежеліп, оның өмір әрекеті бостандығының шектелуі тән.
2. Нақтылы аурулардың жалпы аты.
[1][2][3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.