Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Құрылғы - 1. құрылымдық және қызметтік жақындығы бойынша біріккен бөлшектердің, түйіндердің, элементтердің жиынтығы;
2. белгілі бір техникалық объектіге тән құрылымдық және қызметтік нышанын көрсететін жекелеген бөліктердің құрамы мен өзара байланысып орналасуы;
3. жергілікті желіге немесе компьютерге жалғауға болатын кез келген жабдық, мысалы, компьютер, басып шығарғыш, тәрте, бейімдеуіш, модем немесе басқа перифериялық құрылғы.[1]
Құрылғылар Windows жүйесімен жұмыс істеуі үшін әдетте драйвер қажет болады.
Құрылғы атауы (Имя устройства; device name)
Драйверлер сыртқы құрылғылармен байланысты емес компьютердің жадын немесе басқа ішкі қызметтерін басқару ісінде қолданылады.
Құрылғы адаптері (Адаптер устройства; device adapter) — компьютерді оның сыртқы құрылғысымен байланыстыратын арнайы құрылғы. Адаптер байланысатын объектілердің мәліметтер алмасу жылдамдықтарын үйлестіріп, олардың ақпаратты кескіндеу төсілдерін түрлендіреді.
Құрылғы контроллері (Контроллер устройства; device controller) — компьютердің сыртқы құрылғыларды басқаратын өрі программаланатын құрылғысы; адаптермен салыстырғанда айтарлықтай күрделі қызметтерді орындайды.
Құрылғы мәтінінің мағыналық бөлігі (Контекст устройства; device Context (DC) — құрылғының ағымдағы қалып-күйін немесе сурет салуға арналған бетті сипаттайтын графикалық құрылғы интерфейсі мәліметтерінің құрылымы.
Құрылғы нөмірі(Номер устройства; device number) — компьютердің сыртқы қүрылғысына телінетін және осы құрылғыға қатынаудың абсолют адресі ретінде пайдаланылатын сан.
Құрылғыларды бөлу (Разделение устройств; device sharing) — әр түрлі абоненттердің сол бір құрылғыны бірге пайдалануы.
Құрылғыларды үлестіру (Распределение устройств; device allocation) — тапсырма бөлімдеріне сыртқы қүрыл-ғыларды тағайындау.
Құрылғыларды үлестіру программасы (Программа распределения устройств; deviceallocation program) — тапсырма боліміне, құрылғылардың қолайлылыгын тексеруге, ыңғайлы құрылғыларды болуге және тапсырма бөліміне құрылғылар белу фактісін дайындауға қажетті том мен қүрьшғыны анықтауға арналған программа.
Құрылғы драйвері (Драйвер устройства; device driver) — операциялық жүйенің сыртқы құрылғылармен — пернелік тақта, тышқан, монитор немесе принтерлермен — байланысын орнататын төменгі деңгейдегі басқару программасы. Ол операциялық жүйе жүктелісімен іске кіріседі. Драйвер қызметіне құрылғының мәліметтер алу, үзілістерін өңдеу, оған келіп түскен сұраныстардың кезегін сақтау және сұраныстарды құрылғыны басқару командаларына түрлендіру кіреді. Кейбір драйверлер сыртқы құрылғылармен байланысты емес компьютердің жадын немесе басқа ішкі қызметтерін басқару ісінде қолданылады.
Құрылғыны басқару блогы (Блок управления устройством; unit control block) — 1) компьютерлердің бірыңғай жүйесінің операциялық жүйесінде — операциялар құрамының, ақпарат түрлерінің, қалып-күй байттарынын және баска да мәліметтерді енгізу-шығару қүрығыларының сипаттамалары бар кесте; 2) шағын компьютерлер жүйесінде — енгізу- шығару драйверлерін пайдаланатын және құрылғы жайында статикалық, динамикалық мәліметтері бар кесте.
Құрылғының блок-схемасы (Блок-схема устройства; block diagram) — күрылгының негізгі блоктарын, олардың қүраушыларын нақтыламастан корсететін схема. Мүндай схеманы даярлау кез келген жүйе тек компьютерлік жұмыс еместігін ұгынудың алғашқы қадамы болып саналады.
Құрылғының типтік атауы (Типовое имя устройства; group device name) — бір типті сыртқы қүрылғылардың тобына телінетін және енгізу-шығаруды программалауда пайдаланылатын жалпыланған шартты атау.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.