From Wikipedia, the free encyclopedia
Құрмет — жеке адамға өзге адамдар тарапынан көрсетілетін қошемет. Адамға құрмет көрсету оның жеке басы қасиеттеріне, ішкі құндылықтарына, кейде жас мөлшеріне, отбасы жағдайына, лауазымына орай орын алады. Ішкі жан дүниесінің байлығымен, әлеуметтік тәжірибесімен, жеке басы беделімен, кісілік қасиеттерімен көпшілік ортада көзге түскен адам құрметке ие болады. Құрмет өнегеліліктің негізгі талаптарының бірі бола тұра, адамның өзге біреулерге қадірін, жылы лебізін, ілтипатын көрсетеді. Қазақ дәстүрлі қоғамында жасы үлкен кісінісыйлау, оған сый-кұрмет көрсетіп, ардақтау әрбір адамның парызы саналған. Құрметке ие болу үшін адам өзінің кісілік, адамгершілік қасиеттерін жоғалтып алмауы қажет;
Құрмет — рухани құндылықтарды қастерлеу. Елге, жерге, тілге, адамзатқа, ұлтқа қатысты мәдени-тарихи құндылықтарды жоғары бағалайтын эстетикалық және этикалық көзқарастар жиынтығы.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.