From Wikipedia, the free encyclopedia
Эритрея, ресми атауы Эритрея мемлекеті (араб.: دولة إرتري) — Африканың солт.-шығысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы Қызыл т-дегі 350-ден астам аралдарын қоса есептегенде 125 мың км². Халқы 4,4 млн. (2004). Негізінен тигран (тигринья), тигре, афор, сахо, беджа, билен, кунама, нара, хедареб, рашайда этн. топтарынан және шет елдіктер (3%) тұрады. Ресми тілі – тигран және араб тілдері. Тұрғындарының көпшілігі ислам және христиан діндерін, аз ғана бөлігі дәстүрлі наным-сенімдері ұстанады. Мемлекет және мемл. кеңестің басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – 1 палаталы парламент (Ұлттық ассамблея). Астанасы – Асмэра қ. Әкімш.-аумақтық жағынан 6 облысқа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – тәуелсіздік күні, 24 мамыр (1993). БҰҰ-ның (1993), Африка Одағының (2002) мүшесі. Ақша бірлігі – накфа.
Эритрея мемлекеті араб.: دولة إرتري (ар.) | |||||
| |||||
Әнұран: «ኤርትራ ኤርትራ ኤርትራ» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 24 мамыр 1993 жыл (Эфиопиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | жоқ; негізінен тигринья, араб, ағылшын, талиянша тілі | ||||
Елорда | Асмэра | ||||
Ірі қаласы | Асмэра | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті | Исайяс Афеворки | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 99-шы орын 117 600 км² 0,14 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Тығыздығы |
4 954 645 адам (116-шы) 51,8 адам/км² (154-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
10,625 млрд.[1] $ (156-шы) 1,725[1] $ (180-шы) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
7,720 млрд.[1] $ (149-шы) 1,253[1] $ (160-шы) | ||||
АДИ (2017) | ▬ 0,440[2] (төмен) (179-шы) | ||||
Валютасы | Эритрея накфасы | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | er | ||||
ISO коды | ER | ||||
ХОК коды | ERI | ||||
Телефон коды | +291 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+3:00 және Africa/Addis_Ababa |
Жерінің көп бөлігін Эфиопия таулы қыраты, оңт.-шығысын Афар ойысы, Қызыл тау жағалауының бойын шөлейт және саванна табиғат белдемдері алып жатыр. Эритрея үстіртіндегі ең биік жері – Соира тауы (2989 м).
Климаты субэкваторлық, шөлді. Орташа айлық температурасы 23 – 37қС. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 50 – 200 мм, Э. үстіртінде 500 – 850 мм. Жиі құрғақшылық болып тұрады.
Басты өзені – Тэкэзе. Шөл және шөлейттік өсімдіктер, сонымен қатар жағалауларда агава, акация, құрма пальмасы, эвкалипт, саваннада баобаб, биік тауларда сикоморе ағашы, т.б. өседі.
Жануарлар түрлері өте бай: киіктер, бегемот, шибөрі, тау ешкі, леопард тектес мысық, қоян, қолтырауын, арыстан, мүйізтұмсық, піл, тасбақа, қорқау қасқыр, әр түрлі маймылдар, кеміргіштер және құстардың көптеген түрлері, суларында балықтардың 250 түрі кездеседі.
Пайдалы қазбалары – алтын, мыс, темір, никель, хром, слюда, титан, мұнай, күміс, күкірт, калий және ас тұздары, магний, мрамор, мырыш, т.б.
Қазіргі Эритрея аумағында 4 – 7 ғ-лардаАксум патшалығы өмір сүрді. 8 ғ-да елге ислам діні енді. 12 – 16 ғ-ларда Эритрея жерінің дені Эфиопиялық Абиссиния патшалығының құрамына кірді.
16 ғ-дың ортасынан Осман сұлтандығына қарады.
1889 – 1941 ж. Италияның отары болды. 1941 – 51 ж. Ұлыбританияға бағынды.
1952 – 62 ж. Эфиопияның автономиялы облысы, 1962 – 87 ж. Эфиопияның провинциясы, әкімш. ауданы болды. 1962 жылдан басталған Эритрея халықтық азат ету майданының Эфиопиядан тәуелсіздік алу жолында 30 жылға созылған күресі барысында 150 мың адам құрбан болды.
1991 ж. көтерілісшілер Асмэраны азат етіп, эфиоп әскерлерін елден қуып шықты. 1993 ж. жүргізілген референдум барысында Эритрея тәуелсіздігі жарияланды. 500 мыңнан астам елден кеткен босқындар елге орала бастады. 1997 ж. Э-ның жаңа конституциясы қабылданды.
1998 ж. Эфиопиямен арадағы даулы аумаққа байланысты жаңа соғыс басталып, 2000 ж. Эритреяның жеңілуімен аяқталды. Екі ел бейбіт бітімге қол қойды. Дегенмен бұл соғыс барысында екі жақтан 10 мыңдаған адам қаза тауып, экономикаға аса ауыр нұқсан келді. Көптеген Эритреялықтар көрші Суданға, Еуропа елдері мен АҚШ-қа кетуге мәжбүр болды. Елдегі халықтың 70%-ы халықараралық ұйымдардан азық-түлік көмегін алады.
Эритрея – аграрлы ел. Ел экономикасының негізгі саласы – а. ш. Құрма пальмасы, дәнді бұршақ және майлы дақылдар, көкөніс өсіріледі. Негізгі азық-түлік дақылдары – сорго, тары, бидау, жүгері, т.б. Ірі қара, қой, ешкі, түйе, үй құстары өсіріледі. Су айдындарынан балық ауланады. Өнеркәсібінің негізгі салалары – мұнай айыру, тоқыма, тігін, химия, былғары аяқ киім, ағаш өңдеу, цемент, тамақ. Теңізден тұз өндіріледі. Басты теңіз порттары – Асэб,Массауа. Сыртқа – тоқыма, тері, былғарыдан жасалған тауарлар, тамақ өнімдері, сусындар, мұнай өнімдері, темекі, т.б. шығарылады. Басқа елдерден машина, ауыр машина жасау құралдары, көлік құрал-жабдықтары, мұнай, тамақ өнімдері және мал, негізгі өнеркәсіп тауарлары, электроника сатып алынады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 1010 АҚШ долл. Негізгі сауда серіктестері – Эфиопия, Сауд Арабиясы, Италия, Судан, Біріккен Араб Әмірлігі.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.