From Wikipedia, the free encyclopedia
Хоккайдо (жапон. 北海道 «солтүстiк теңiзге жол», 1868 жылға дейін Иессо, Эдзо, Матсмай) — Жапонияның ірі төрт аралының бірі. Көлемі жағынан Хонсю аралынан кейінгі екінші орында, аумағы 77,7 мың км2. Жағалауын Тынық мұхит, Охота және Жапон теңіздерінің суы шайып жатады. Хонсю аралынан Цугару, Сахалиннен Лаперуз бұғаздарымен бөлінген. Жағалауы тектоникалық жарылымдарға сәйкес келеді, аз тілімделген. Солтүстік-батыстан және солтүстік-шығыстан келетін тау тізбектері аралдың орта тұсында түйіседі. Солтүстік-шығыс жанартау тізбегі Курил жанартау доғасының жалғасы. Орталық бөлігінде биік орталық массив орналасқан (Асахи тауы , 2290 м). Ең ірі Ишикари ойпаты Осима түбегін аралдың басқа бөлігінен оқшаулайды. Оның жағаларын шектейтін жарылымдарды бойлап әрекетті жанартаулар (Усу, т.б.) орналасқан. Климаты қоңыржай, муссондық. Қысы Азия муссонының әсеріне байланысты суық. Қаңтардың орташа температурасы –3 — 11°С. Жазда келетін Тынық мұхит муссоны да температураны төмендетеді. Шілденің орташа температурасы 17 — 21°С. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 800 — 1500 миллиметр. Қыста қар жауады. Күзде тайфун жиі өтеді. Ірі өзендері — Исикари және Тесионың суы мол, су энергиясына бай. Лагуна және жанартау көлдері (Сарома, Куттяро, Сикоцу) таралған. Жерінің 60% орманды: солтүстігінің көпшілік бөлігін қылқан жапырақты (Сахалин майқарағайы, Хоккайдо шыршасы), оңтүстігін жалпақ жапырақты (емен, шамшат, үйеңкі) ормандар жапқан. Теңіз жағалауы ойпаттарын шалғындар мен батпақтар алып жатыр. Хоккайдо Жапонияның ағаш және ағаш өнімдерін дайындайтын негізгі ауданы. Тас көмір, мұнай, күкірт, темір кентастары өндіріледі. Ірі қалалары — Саппоро, Хакодате.[1]
Хоккайдо жапон. 北海道 | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 83 400 км² |
Ең биік нүктесі | 2290 м |
Тұрғындар (2010 жыл) | 5 500 000 адам |
Халық тығыздығы | 65,947 адам/км² |
Орналасуы | |
43° с. е. 142° ш. б.43° с. е. 142° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Аралды шаятын акваториялар | Охота теңізі, Жапон теңізі, Тынық мұхит |
Ел | Жапония |
Аймақ | Хоккайдо |
Хоккайдо Ортаққорда |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.