Хлориттер (chloros — жасыл) — марганецтің, магнийдің, алюминийдің, хромның, никельдің сулы алюмосиликаттарына жататын, слюдаға ұқсас минералдар тобы. Құраушыларының мөлшері әр түрлі. Хлориттерде изоморфтық алмасулар (Sі мен Mg-дің Al-ге, Mg-дің Mn2+, Cr, Nі, Lі, т.б.) кең тараған. Хлориттердің қабатты кристалдық торы алтылық координациядағы Mg, Fe, Al-мен біріккен SіO4 пен AlO4 тетраэдрлерінен тұрады. Хлориттер моноклиндік, триклиндік сингонияларда кристалданады, жымдастығы жетілген, пішіні жіңішке қалақша, пластинка түріндегі бөліктерге оңай ажырайды, минералдық агрегаттары қабыршақты, сферолитті, жасырын кристалды болып келеді.[1] Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 2 — 3, тығыздығы 2,6 — 3,3 г/см3. Түсі жасыл, солғын қызыл, қара қоңыр, қара. Хлориттерге корундофиллит, шериданит, клинохлор, пеннин, тальк-хлорит (магнийлі хлориттер), рипидолит, пикнохлорит, диабантит (магнийлі-темірлі хлориттер), псевдотюрингит, дафнит, брунсвигит (темірлі хлориттер), тюрингит, шамозит, делессит минералдары жатады. Хлориттер негізді атпа тау жыныстарында, ежелгі метаморфтық тақтатастарда, гнейстерде, гидротермалдық түзілімдерде, шөгінді тау жыныстарында ұшырасады. Темірлі, никельді хлориттер — осы металдардың кентастары болып саналады. Темірлі-магнийлі хлориттер — гидротермалдық кендердің серігі және пьезокварц, қалайы, мыс, қорғасын, мырыш кендерін іздеу белгісі.[2]

Thumb
Хлорит

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.