From Wikipedia, the free encyclopedia
Франсуа Жерар Жорж Николя Олланд (фр. François Gérard Georges Nicolas Hollande; 12 тамыз 1954, Руан) — француздық саяси және мемлекеттік қайраткер, Франция социалистік партиясының алғашқы хатшысы (1997—2008). Францияның Ұлттық жиналысының депутаты (1988—1993; 1997 жылдан бастап), Тюль қаласының мэрі (2001—2008). 2008 жылдан бастап Коррез департаменті бас кеңесінің президенті.
Франсуа Олланд François Hollande | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
15 мамыр 2012 жыл — 15 мамыр 2017 жыл | ||||
Ізашары | Николя Саркози | |||
Ізбасары | Эммануэль Макрон | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Социалистік партия (1979 жылдан бастап мүше) | |||
Діні | католик | |||
Дүниеге келуі | 12 тамыз 1954 (70 жас) Руан, Франция | |||
Әкесі | Жорж Олланд | |||
Анасы | Николь Триберт | |||
Жұбайы | 1) Сеголен Руаяль (1973 — 2007) 2) Валери Триервейлер (2007 жылдан бастап) | |||
Балалары | 1) Томас (1984 ж.) 2) Клеменс (1985 ж.) 3) Жульен (1987 ж.) 4) Флора (1992 ж.) | |||
Сайты | Франсуа Олландтың ресми веб-сайты | |||
Қолтаңбасы | ||||
Франсуа Олланд Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Социалистік партиядан 2012 жылдың Франциядағы президенттік сайлауының жеңімпазы. 22 сәуірде өткен бірінші турда 28,63 % дауыс жинап, Николя Саркозимен бірге екінші турға өтті, ал 6 мамыр күні өткен сайлаудың екінші турында Саркозиді жеңіп, Францияның 24-ші президенті болып атанды.
Дәрігер ортопед Жорж Олландтың және әлеуметтік қызметші Николь Триберттің отбасында дүниеге келген.
Париж қаласының политехникалық зерттеулер институтында (Sciences Po) және HEC Paris бизнес мектебінде заң мен бизнесті оқып, білімі алған.
1978—1980 жылдар аралығында Ұлттық басқару мектебінде (ENA) білім алған. 1979 жылы, оқу кезінде сонда социалистік партияға кірді. Оқуды бітіргеннен кейін Есеп палатасында аудитор болып жұмыс істеді.
Сонымен қатар, 1980-ші жылдарында саяси істермен белсенді айналысқан. 1981 жылдың президенттік сайлау кезінде Франсуа Миттеранның экономикалық кеңесшісі және сенімді тұлғасы ретінде сөз сөйледі.
1984 жылы Олланд Есеп палатасының кеңесшісі болып тағайындалды.
1988 жылдан 1993 жылға дейін және 1997 жылдан бастап социалистік партиясының тізімі бойынша Франция Ұлттық жиналысының депутаты болып табылады.
1997 жылы социалистік партиясының алғашқы хатшысы қызметін алды.
2001 жылдан 2008 жылға дейін Тюль қаласының басшысы болған.
2008 жылы Коррез департаменті бас кеңесінің мүшесі, ал содан кейін президенті болып сайланды. Сол уақытта ол партияның алғашқы хатшысы қызметін босатты. 2011 жылы мемлекеттік кеңесінің президенті болып қайта сайланды.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тарих — I Республика — II Республика — III Республика — IV Республика — V Республика |
Бұл — саясаткер туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.