From Wikipedia, the free encyclopedia
Ухуд - тау. Медине қаласының солтүстігіне қарай 5 км жерде орналасқан. Оның баурайында 625 ж. 23 наурызда мұсылмандардың меккеліктермен шайқасы болды. Шайқастың негізгі себебі Бадра маңындағы жеңілістің карымтасын қайтару еді. Меккеліктердің әскер саны 2200 - 3000 адам, соның ішінде 200-і атты әскер де, 800-і сауыт киінген жаяу әскер болатын. Мұхаммед (с.а.у.) оларға қарсы тек 700 жаяу әскер ғана шығара алды, олардың 100-ге жуығы ғана үстеріне сауыт киген еді. Мұсылман жауынгерлері түнде меккеліктерді айналып өтіп, олардың Ухуд тауының оңтүстігінде орналасқан бекінісін таудан бөліп тастады. Сөйтіп мұсылман жауынгерлері өздерінің шебін тауға тірей отырып, меккеліктердің атты әскерінен сәтті қорғана білді. Ал олардың сол қанатың 50 садақшы қорғады. Жалпы шайқастағы іс-қимылдар аса айқын емес. Алайда, меккеліктер шегініс жасап, өздерінің орналасқан шебіне қарай бет алғанда мұсылман әскерлері олардың болымсыз заттарын тонауға кірісті де, садақшылар өз шептерін тастап кетті. Міне осындай тәртіпсіздікті сәтті пайдаланған меккеліктердің атты әскерінің басшысы Халид б. әл-Уалид дереу мұсылман әскерлерін қоршал алды. Жаралы болған Мұхаммед (с.а.у.) шағын ғана әскердіц жәрдемімен қолға түспей, құтылып кетті. Олардың 70 адамы өліп, ауыр жеңіліске ұшырады. Меккеліктердің бар-жөғы 19 адамы шығын болды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.