From Wikipedia, the free encyclopedia
Тотығу – элементтің немесе қосылыстың тотықтырғышпен әрекеттесу процесі; тотығу-тотықсыздану реакциялары барысында бөлшектің электрондарынан айрылу процесі. Тотығу кезінде бөлшектің тотығу дәрежесі артады. Мысалы, атом электронын берсе, оң зарядты ионға; теріс зарядты ион электрон берсе бейтарап атомға, оң зарядты ионға айналады; оң зарядты ион электрон берсе, оның оң заряды берген электрон санына сәйкес өседі.
Биологиялық тотығу – оксидредуктаза ферменттерімен катализденетін, тірі организмдегі тотығу-тотықсыздану реакцияларының жиынтығы. Ол тірі организм тіршілігінің негізін құрайтын энергия көзі болып табылады. Биологиялық тотығудың атқаратын маңызды қызметі организмдегі зат алмасу, дем алу, жасуша құрылымын құрастыру, өсу процесіне қажет әр түрлі метаболиттерді – субстраттарды, коферменттерді, гормондарды және басқа заттарды түзу болып табылады.
Мұнай өнімдерінің тотығуы (автототығу), негізінен құрылысы әр түрлі көмірсутектер қоспасынан тұратын мұнай өнімдері тотықтырғанда әр түрлі оттекті қосылыстардың түзілуі. Органикалық қосылыстардың тотығуы – органикалық қосылыс молекуласына оттек атомдарын енгізу және сутек атомдарын одан бөліп шығару. Органикалық затқа тотықтырғыштың әсе-рі тотығатын заттың табиғатына, температураға, катализаторға, реагенттердің концентрациясына, ортаның қышқылдылығына, т.б. байланысты.[1]
Тотығу — су құрамындағы органикалық заттардың мөлшерін оттектің барлық тотықтану шығынымен білуге болады. 1 дм3 су құрамындағы органикалық заттардың оттекпен тотығуы 2,5—3 мг/дм3 болса, онда су құрамындағы органикалық заттардың өте көп мөлшерде болғаны және осыған байланысты зиянды бактериялар арқылы ауру жұқтыру мүмкіндігі арта түседі.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.