From Wikipedia, the free encyclopedia
Сұлтание ғимараттары (парсы: سلطانيه)— Әзери стилінде Иранның Занжан облысындағы ортағасырларда салынған кесене, ЮНЕСКО әлемдік мұра тізіміне енген. Бұл кесене - алты қырлы ғимарат. Оның ішкі диаметрі 26 м. Осы алты қырлы ғимараттың басы үшкір күмбезі шеңберлі қалыптың үстіне салынған. Жерден күмбездің ұшар басына дейінгі биіктік 54 м. Бұл кесененің ішкі бөлігі кафель және кірпішпен өрілген, кейіннен оның кейбір бөліктері алебастрмен сыланған. Бұл ғимараттың сыртқы беті қыш тақталар және кірпішпен өрілген. Ғимараттың ең батыл бастамасы оның сыртын қоршап тұрған тәж немесе кішкене сегіз мұнарадан тұратын шеңбер болып табылады. Сұлтание кесенесінде сегіз ашық дәліз бен 50 бөлме бар. Діни рәсімдер немесе әртүрлі мерекелер өткізілген уақытта ер адамдар төменгі қабатта, әйел адамдар ашық дәліздерде орналастырылған.
Қала | |
Сұлтание | |
سلطانیه | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Остан |
Зенджан |
Шахрестан |
Абхар |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
36°26′05″ с. е. 48°47′51″ ш. б.36.43472° с. е. 48.79750° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орталығының биiктігі |
1 776 м |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
5 864 адам (2006) |
Сұлтание шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Сұлтание |
Сұлтание кесенесі грегориан күнтізбесі бойынша 1313 жылы илхандық билеушілердің бірі Олжайтудың бұйрығымен Алишах есімді сәулетшінің қолымен салынды және оның ашылу рәсімі биліктегі барлық лауазым иелерінің қатысуымен өткізілді. Кейбір дереккөздер бойынша, Олжайту мұсылмандықты қабылдағаннан кейін кейбір діни тұлғалардың қабірін осы кесенеге әкелдірмек ниетте болған. Бірақ кейін бұл ниетін орындай алмаған соң, өзі о дүниеге аттанғаннан кейін оны осы кесенеге қойсын деп бұйрық береді. Бірақ Сұлтание қаласын абадтандыру арманы ұзаққа бармады. Олжайту қайтыс болғаннан кейін Сұлтание қаласына мәжбүрлеп көшірілген адамдардың көбі ол жерді тастап кетті. Сөйтіп бұл қала біртіндеп құлдырауға ұшырады. Қазір ол жерде Сұлтание кесенесі мен оның айналасында бірнеше тұрғын үй ғана қалған. Илхандықтардың бастамасымен салынған бұл қаладан тек археологиялық ескерткіштер ғана бізге жетті. Ал Сұлтание қаласынан 30 шақырым жердегі Занджан қаласы одан бірнеше ғасыр бұрын салынса да, әлі күнге дейін абадтандырылған күйде өз тіршілігін жалғастыруда.
Флоренция сәулет факультетінің бұрынғы басшысы профессор П. Санпаулеси жылдар бойы Иран мен Италияның күмбез салу жобасы жайлы зерттеу жүргізді және Сұлтание ғимараттарының Италияның сәулет өнеріне тигізген әсері жайлы кітап жазып шығарды. Ол Флоренция қаласында салынған Санта Мария дель Фьера шіркеуі күмбезінің құрылысын Занджан қаласындағы Сұлтание кесенесінен үлгі алған деп атап, былай деп жазды: "Табанды, иманды және дарынды ирандықтар классикалық әдебиет, поэзия, өнер, мәдениет және сәулет стильдері мен техникалық жаңалықтарды өзге елдерге таратқан халық болған. Мұның айғағы маңызды құрылыс бастамалары, яғни кірпіштен өрілген арасы бір-біріне жақын қосқабатты күмбездер болып табылады. Олар ешқандай қаңқаның көмегінсіз жасалған. Бұл стиль Сұлтание қаласынан жүздеген шақырымға сапар шегіп, жүз жылдан кейін Италиядағы Санта Мария дель Фьера шіркеуіне жетті. Сөйтіп, өнер формаларын тасымалдау ісінде үлкен оқиға орын алды".
Профессор Санпаулеси сөзінің жалғасында бұл шіркеуге дейін Италияның еш жерінде осы пішіндес ғимарат болмаған. Мұнара салу стилі Иран сәулет өнерінен алынды деп мойындайды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.