Регресс
Уикипедия:Айрық From Wikipedia, the free encyclopedia
Уикипедия:Айрық From Wikipedia, the free encyclopedia
1) Регресс [1](лат. regresus — кері қозғалу) — дамудың кері кетіп, төмен қарай құлдырауы. Регресске деградация, ұйымдастыру дәрежесінің әлсіреуі, қажетті іс-әрекеттерді орындау қабілетінің жойылуы тән. Регресс, сондай-ақ тоқырау, ескі формалар мен құрылымдарға кері оралу кезеңдерін қамтиды. Регресс өзінің бағыты жағынан прогреске қарама-қарсы. Бірақ та бұлардың арасында күрделі, жан-жақты байланыс бар, бір жағынан, кейбір регрессивті өзгерістер жалпы прогрессивті дамудың шеңберінде болып жатса, екінші жағынан, кейбір регрессивті өзгерістердің үдей түсуі кезінде оның кейбір құрамы дамудың прогрессивті бағытын сақтайды. Қоғамдық дамуда Регресстің болуы тарихи дамудың қарама-қарсылық мәніне тән. Реакцияшыл топтар мен күштер уақытша (реакция кезінде, фашизм өріс алғанда) прогрессивті күштерден басым болуы мүмкін. Бірақ мұндай регрессивті құбылыстар бұрынғы әлеум. форманың ыдырауының нәтижесі ғана болып, оның орнына алдыңғылардың құнды жағын бойына сіңірген жаңа форма келеді. Мұндай құбылыстың ыдырауы жалпы жүйе шеңберіндегі даму процесін үзіп тастай алмайды, оның қажетті алғышартының біріне айналады.
2) Регресс (лат. regressus — кері кету, артқа қарай қозғалу), биологияда — 1925 ж. орыс ғалымы А.Н. Северцов (1866 — 1936) “Регресс” терминін биологияда екі түрлі мағынада қолдануды ұсынды:
3) Регресс, теңіз регрессиясы (лат. regressіo — кері қозғалыс) — теңіздің жағадан (құрлықтан) шегінуі. Регресске тектоник. процестерге байланысты құрлықтың көтерілуі, мұхит түбінің төмендеуі немесе мұхит бассейндеріндегі су көлемінің азаюы (мыс., мұз басу дәуірінде) себепші болады. Регресс жер түзілу тарихының өн бойында әр түрлі аудандарда бірнеше рет болып өтті. [2] [3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.