From Wikipedia, the free encyclopedia
Петрофизика — петрология ғылымының тау жыныстарының физикалық қасиеттерін, құрамын, құрылымын зерттейтін саласы. “Петрофизика” терминін ғылымға 1953 жылы неміс геофизигі Ф.Фрелих енгізген. Петрофизика қатты денелер физикасы, эксперименттік петрография, эксперименттік минералогия, инжинериялық геология, тектоника, пайдалы қазбалар ілімдерімен тығыз байланысты; тау жыныстарының физикалық қасиеттері (тығыздық, кеуектілік, серпімділік, эл., магниттілік, т.б.) мен құрамын зерттейді. Бұл қасиеттер тау жыныстарынан алынған үлгілерді петрографиялқ тәсілдермен зерттеу, скважиналар каротожы, жербетілік және аэрогеофизикалық түсірулер бойынша анықталады.[1] Зерттеу нәтижесінде алынған Петрофизикалық мәліметтер, жасалған карталар тау жыныстарының түзілу кезі мен кейінгі өзгерістерін және кен орындарының орналасу заңдылықтарын анықтап, инжинериялық-геология міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Петрофизика сейсмологияда тереңдегі сейсмик. өзгерістерді танып-білуге де қолданылады.[2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.