Парфюмерия
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Парфюмерия (франц. Parfumerie, parfum — хош иіс) денеге, шашқа, киімге хош иіс беру және гигиеналық сергіту мақсатында пайдаланылатын заттар. Ерте кезде хош иіс беру үшін табиғи заттар: эфир майы, бальзамдар пайдаланылып келсе, бертін келе органикалық химияның дамуына сәйкес парфюмерлік бұйымдар жасанды хош иісті заттардан өндірілетін болды. Парфюмерия бұйымдары үшін ең алдымен қоспаның құрамы (композициясы) даярланады. Қажетті иісті заттар таңдалып алынған соң, олар күштілігі 96% спиртке салынып, үстіне дистилденген су құйылады. Қоспа әбден араластырылып, белгілі мерзімге дейін (мыс., әтір 15 тәулік) тұндырылады. Парфюмериялық бұйымдарға түс беру үшін арнайы бояу қосылады. Парфюмерия бұйымдары сұйық, кейде тозаң (аэрозольды) күйде арнайы ыдыстарға құйылып шығарылады. Парфюмерия бұйымдарының негізгілері — әтір, иіс су, крем-әтір, иіс май, әтір-желе т. б. 2) Парфюмериялық бұйымдар даярлайтын өнеркәсіптің саласы. Парфюмерия бұйымдарын шығару ісі республикамызда жаңадан қолға алынып отыр. Шахтинск қаласындағы (Қарағанды обл.) синтетикалық жуу бұйымдары ф-касында Парфюмерия бұйымдары 1975 жылдан шығарыла бастады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.