Кердері – қазақ халқының құрамындағы ру.

Кердері руының бастапқы тарихын ғалымдар б.з.б. 2 ғасырда ғұндардың жойқын шабуылына ұшыраған юечжи елінен тарқатады. Көне Қытай жазбалары бойынша, бұрын шығыс Еренқабырға төңірегін қоныстанған юечжилердің (оны Қытайда тұратын қазақ оқымыстылары “иүзлер” деп аударады) көп бөлігі сол үркіншіліктен Әмудария алқабына дейін ауады. Олар Қытай дерекнамасында ұлы (юечжилер) иүзлер (қ. Ақ ғұндар), ал көшіп кете алмай ата қонысында қалғандар кіші юечжилер (иүзлер) деп аталған. Әму жаққа жеткен юечжилерді Еуропа тарихшылары кидарит-ғұндар деген атпен таныды. Сол кидариттерден кердері руының атауы туындаған. Ғылыми деректер 10 ғасырда Арал теңізінің Кердері теңізі аталғанын, Әмударияның екі бетінде сол аттас бір-екі қала болғанын да алға тартады. Кердерінің бір бөлігі қарақалпақтардың мүйтек тайпасы құрамына, екінші бөлігі Кіші жүздегі жетіру тайпасының құрамына енген. “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” кезінде кердерілер Аралдан Қобданың жоғарғы жағына, Електің сол жағына, Орал қаласы маңына үдере көшуге мәжбүр болған. Кердеріден: Көтермен, Жабағы, Смайыл, Бердімбет, Жанбас, Шағыр, т.б. аталар тарайды. Ұраны – Қожахмет, таңбасы – (Q) тостаған.[1]

Кердері – кіші жүздің Жетіру тайпасына құрамына кіретін ру. Кердерінің шығу тегі тарихи әдебиетте Хорезмнің солтүстігінде Кердері деген өз мемлекеті болған ғұн-кидариттардың тағдырымен байланысты қаралады. Кердері мемлекет кезінде күшті болған. Соның атымен 10-ғасырда Арал теңізі Кердері теңізі деп те аталған. Осы мемлекеттерің ескерткіштерінің бірі- Жанкент қаласы. Оның қалдықтары қазіргі Қазалы стансасының төңірегінде. Қазақтар мен қарақалпақтардың халық болып құрылу барысында Кердерілердің бір бөлігі қарақалпақтардың Мүйтен тайпасының құрамына, ал екінші бөлігі Кіші жүз қазақтарының құрамына енген. «Ақтабан шұбырынды - алқакөл сұлама» кезінде Кердерілер Арал бойынан Қобданың жоғарғы жағына, Електің сол жағы мен Орал қаласы маңына үдере көшуге мәжбүр болған. КЕРДЕРІ: Көтермен, Құлтай, Жабағы, Смайыл, Бердімбет, Жанбас т.б. аталарға бөлінеді. Кердерінің ұраны-Қожақмет.[2]

Танымал тұлғалары

  1. Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев
  2. Әбубәкір Боранқұлұлы
  3. Абд әл-Ғафур әл-Кердери
  4. Құмар Әбуғалиев
  5. Әбдірахман Әйтиев[3]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.