From Wikipedia, the free encyclopedia
Жәннәт (Ерте парсы тілі: pairidaeza) және (парсы тілінде: pardis). Жәннәт пен Жаһаннамның бар екенін Қасиетті Құран Кәрімді оқу арқылы танып-білуге болады. Жәннат, Жаннат, Жәннәт — діни түсініктегі адам жанының о дүниеде мәңгілік рақатта болатын орны. Жәннат туралы түсінік жанның о дүниелік өмірі туралы алғашқы діни сенімдерден бастау алады. Тәуратта (Көне өсиет) Жәннат алғашында Адам ата мен Хауа ана тұрып, кейін күнәлары үшін қуылған ғажайып бау-бақша түрінде суреттелген. Інжілде (Жаңа өсиет) Жәннат туралы түсінік дінге сенушілердің өлгеннен кейін қайтып оралатын орны ретінде сипатталған. Көптеген діндерде Жәннат рахаты күнаҺарлардың тозақта тартатын азабына қарсы қойылады. Жәннат — ислам дінінде адал мұсылмандардың о дүниедегі мәңгілік мекені ретінде суреттеледі. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімдегі Зүмәр сүресінің 72 — 73-аяттарында былай деген. “Раббыларына қарсы келуден сақсынғандар, топ-топ жәннатқа жолданады. Сондай-ақ, олар оған барғанда оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: “Сендерге сәлем. Қош келдіңдер, жәннатқа мәңгі қалатын түрде кіріңдер” дейді. Ислам хадистерінде Жәннаттың 8 түрі аталады: дар ул-жалал (ақ маржанмен безендірілген); дар ус-салам (қызыл тастардан тұратын); жаннат ул-мағуа (жасыл асыл тастардан жасалынған); жаннат ул-қулт (сары маржан тастардан жасалынған); жаннат ул-нағим (ақ күмістен жасалған); дар ул-қарар (қызғылт алтыннан жасалынған); жаннат ул-фердаус (күміс, алтын, асыл маржан тастардан жасалынған); ғадын (ақ асыл тастан тұратын).[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.