«Желдірме» - Абайдың домбыраға арналған ән- күйі. Бүгінде жалпы қазақтың күйшілік дәстүрінде «ән-күй» және «жыр-күй» деген 2 жанрдың көне дәуірден бастау алып келе жатқаны анықталып отыр. «Жыр-күй» Қарақалпақ өңірін мекендеген қазақ жұртына тән болса, «ән-күй» Арқада, Шығыс Қазақстан жері мен Таулы Алтай аймағында, Моңғолия қазақтарының арасында кеңінен тараған. Абайдың «Желдірмесі» - осындай ұлттық дәстүр негізінде туған шығарма. Бұл күй ән жанрымен, ұлттық мелодиялық сазымен, синкретті түрімен, әуендік ырғақ желісімен ерекшеленеді. 4; 6; 4, 3, 5, 6, 5; 4; 4, 3, 4, 6, 3, 4, 4; 4; 4; 4, 4, 4, 4, 4, 4, 4, 4, 4, 4, 4, 4 болып келетін аралас өлшем ырғақ ұялары ән-өлең өрнегімен сабақтасып жатады. Күйді 1977 ж. музыкалық зерттеушісі Қ. Тұсіпұлы Жүзбасов Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай аулында тұратын Демшінов Хамзадан таспаға жазып, нотаға тұсірген. Бұл күй алғаш рет Абайдың «Айттым сәлем, қалам қас» деген ән-күй жинағына енгізілді.[1]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.