From Wikipedia, the free encyclopedia
Дәрі-дәрмек — емдік немесе алдын ала емдеу мақсатында қолданылатын заттар немесе олардың қоспасы, ауруды емдеу және аурудан сақтандыру үшін қолданатын шипалы заттар.
Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрі-дәрмек, дәрі, фармацевтикалық препарат (лат. praeparatum medicinale, praeparatum pharmaceuticum, medicamentum; сленг. емдік зат) - аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын дәрілік қалып немесе форма (таблеткалар, капсулалар, ерітінді, жақпа және т.б.) түріндегі синтетикалық немесе табиғи тектес зат немесе заттардың қоспасы.
Дәрілік зат және дәрілік препарат (фармацевтикалық препарат, дәрі-дәрмек) терминдері жақын синонимдер екенін есте ұстаған жөн:
Дәрілік зат – бұл негізінен белсенді зат (немесе белсенді заттардың қоспасы). Заң тұрғысынан дәрілік заттарға дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанциялар жатады;
Дәрiлiк препарат — белгiлi бiр дозадағы қолдануға дайын дәрiлiк зат. Дәрілік препараттардың құрамында көбінесе белсенді заттан басқа қосымша заттар (қалып түзушілер, еріткіштер, тұрақтандырғыштар, консерванттар, бояғыштар, хош иістер және т.б.) болады. Бірдей дәрілік заттары бар, бірақ өндірушіге байланысты қосалқы заттардың құрамы және (немесе) босату түрі, сыртқы түрі (мысалы, таблеткалар) немесе тек патенттелген атауы бойынша ерекшеленетін дәрілік заттардың аналогтары генериктер немесе синонимдер деп аталады. Дәрілік заттар патенттік қорғалуына байланысты түпнұсқалы немесе бірегейлі және қайта шығарылған деп бөліну мүмкін, олардың сауда атаулары дәрілік заттың атауымен (халықаралық патенттелмеген атауымен) бірдей болуы немесе авторлық құқықпен қорғалған басқа коммерциялық атауымен болуы мүмкін. Бір фармакологиялық топқа жататын, бірақ дәрілік құрамы әртүрлі препараттарды аналогтар деп атайды.
Дәрі-дәрмек адам баласына ертеден белгілі. Біздің жыл санауымыздан 4-5 ғ. бұрын грек дәрігері Гиппократ еңбегі жұртшылыққа кеңінен тараған. Бұдан кейінгі медициналық еңбектер Рим дәрігері Галеннің есімімен тығыз байланысты. Оның пікірінше, табиғатта дайын тұрған дәрі-дәрмек жоқ, бірақ өсімдік пен жануар организмінде сол дәрі-дәрмектерді жасауға өте қажетті заттар бар. Гален сол шипалы заттарды бөліп ала бастады. Сөйтіп дәрі-дәрмек жасау технологиялық әдісі күрделене берді. Атақты азиялық ғалым-дәрігер Ибн Синаның ғылыми мұра еңбегінде дәрі-дәрмек мәселелеріне зор мән берілген.
19 ғ-дың ортасында Фармокология ғылымы дамыды. Осыған байланысты аспирин, фенацитин, кокаин, ұйықтататын, сезімсіздендіретін дәрі-дәрмектер т.б. шыға бастады.
Дәрі-дәрмектін алынуа байланысты 5 топқа бөлінеді:
Қолдануына байланысты дәрі-дәрмек бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, антибиотиктер, антисептикалық дәрі-дәрмектер, қызу басатын дәрі-дәрмектер, наркоз дәрілер, т.б. Бұл жіктелуді фармокологиялық жіктелуі деп атайды.
Бұдан басқа дәрі-дәрмектер қолдану тәсіліне байланысты (ішке, сыртқа, тамырға құйылатын, бұлшық етке салынатын т.б.), шығару қалпына байланысты (ұнтақ, таблетка, пилюля, микстура, тұнба, тұндырма, ерітінді, паста, крем, май тәрізді т.б.), т.б. жіктеледі.
Дәрі-дәрмектер фармацевтика зауыттарында жасалады, дәріханаларда дайындалады.
Дәрі-дәрмектің науқас адамға әсер ету күші оның құрамына және науқастың жасына, жалпы жағдайына байланысты.
Дәрі-дәрмектерді дәрігердің рұқсатымен белгілі мөлшерде тамақтану алдында немесе кейін пайдалану керек. Бір науқасқа белгіленген дәрі-дәрмекті басқа адам пайдалануға болмайды. Дәрігердің рұқсатынсыз пайдаланған дәрі-дәрмек адам организміне зиян келтіреді. Дәрі-дәрмекті үйде сақтағанда, балалар ала алмайтын жерге қою қажет. Пайдалану мерзімі өткен дәріні тастау керек.
Сот медицинасында дәрі-дәрмектер адамдарға психикалық немесе физикалық әсер ету қабілетіне ие болды. Өз-өзіне қол салу мен өлтіру кезіндегі өлім себебі сапасына дәрі-дәрмек үлесінің маңызы зор болғанымен, бірақ барлық осындай жағдайларда денсаулыққа зиян келтіру немесе өлімге душар ету негізгі мақсат болып табылмайды. Негізгі сарын өзінікі сияқты, өзге біреудің мінез-құлқына,допинг немесе есірткіні пайдалана отырып, белгілі бір деңгейде әсер ету арқылы, оны психотропты немесе есірткілік заттардың көмегімен бағынышты, тәуелді немесе еркінен айыру көзделеді. Дәрі-дәрмектер тудырған әсерлер, көп жағдайда басқа қылмыстық әрекеттер кезінде, әсіресе автокөлік қылмыстарында маңызды рөл ойнайды. Бұл жағдайда дозаны асыра қолдану, не оның болмауы немесе шұғыл қажет дәрі-дәрмекті бермеу елеулі маңызға ие болады.
Дәрі-дәрмекпен улануды техникалық криминалистикалық дәлелдеуі көп қиындықтармен тығыз байланысты. Оқиға орнында табылған дәрі қораптары мен улану белгілері кұнды деректер бере алады. Әйтсе де көп жағдайларда, материалды соттық-химиялық зерттеу кезінде белсенді заттар мөлшерінің тым аз болатыны соншалықты, зиянын тигізген компонентті ұзақ уақытқа созылған, күрделі сараптаулар нәтижесінде ғана байқап, анықтау мүмкін болады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.