From Wikipedia, the free encyclopedia
Буркина-Фасо (фр. Burkina Faso; 1984 жылға дейін Жоғарғы Вольта республикасы) — Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Жері 274,4 мың км². Халқы 10,4 млн. адам. 100-ден астам этн. тайпалардан тұрады. Ірілері моси (50%-тен астам), фульбе, лоби, бобо, т.б. Астанасы — Уагадугу (50 мың). Халқының 40%-і мұсылмандар, 10%-і христиандар, қалғандары жергілікті діни нанымды ұстанады. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — Халық өкілдері ассамблеясы.
Буркина-Фасо фр. Burkina Faso | |||||
| |||||
Ұран: «фр. Unité, Progrès, Justice» | |||||
Әнұран: «Une Seule Nuit (L'Hymne de la victoire)» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 5 тамыз 1960 жыл (Франциядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | француз тілі | ||||
Елорда | Уагадугу | ||||
Ірі қалалары | Уагадугу, Бобо-Диуласо | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Рок Марк Кристиан Каборе Кристоф Жозеф Мари Дабире | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 74-ші орын 274 200 км² 0,1 | ||||
Жұрты • Сарап (2017) • Санақ (2006) • Тығыздығы |
▲ 20 107 509[1] адам (61-ші) 14 017 262 адам 64 адам/км² (137-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
38,758 млрд.[2] $ 1,992[2] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
14,192 млрд.[2] $ 729[2] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,423[3] (төмен) (183-ші) | ||||
Валютасы | Франк | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .bf | ||||
ISO коды | BF | ||||
ХОК коды | BUR | ||||
Телефон коды | +226 | ||||
Уақыт белдеулері | +0 |
Жер бедері үстіртті (Моса үстірті) келеді. Климаты субэкваторлық (қараша — наурыз айлары аралығында құрғақ болады). Жыл бойғы орташа температура 24 — 26°С, құрғақ айларда 30 — 35°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 500 — 1000 мм, солтүстігінде 120 — 200 мм. Үлкен өзендері: Қара Вольта және Ақ Вольта. Жерінің 10%-і орман.
Қазіргі Буркина Фасо жерінде адам баласы неолит дәуірінен бастап өмір сүре бастады. 11 ғасырларда оңтүстік-шығыстан моси тайпалары көшіп келді де, жергілікті тайпаларды бағындырып, өз мемлекетін құрды. 16 — 17 ғ-ларда саяси бытыраңқылықты бастан кешірді. Осы кезде ел ішінде ислам діні тарай бастады. 18 ғасырдың аяқ кезінен бастап, Буркина Фасо жеріне келе бастаған еуропалықтар өзара қырқысқан тайпа көсемдеріне өз ықпалдарын жүргізіп отырды. Осы аймақ үшін Англия мен Францияның арасындағы тартыс 19 ғасырдың аяғына дейін созылды. 1897 жылы бірнеше қантөгіс шайқастан кейін жергілікті тайпалар Францияның билігін толық мойындады және Жоғарғы Вольта деген атпен француздардың Батыс Африка құрамына кірді. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Буркина Фасо солдаттары Франция жағында фашистік коалицияға қарсы соғысты. Соғыс аяқталғаннан кейін алдыңғы қатарлы зиялы қауымның басшылығымен елде әр түрлі саяси ұйымдар құрылып, ұлт-азаттық қозғалыс күшейді. Нәтижесінде 1960 жылы 5 тамыз күні Буркина Фасо тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Экон. дағдарыстарға байланысты жиі-жиі әскери төңкерістер болып тұрды. 1984 жылы 4 тамыз күні болған кезекті төңкерісте Жоғарғы Вольта Республикасы атын Буркина Фасо (“Адал адамдар елі”) деп өзгертті. Жер, табиғи байлық мемлекет меншігіне алынып, дәстүрлі тайпа көсемдерінің билігі жойылды. Қазіргі кезде ішкі ұлттық өнім жылына 320 АҚШ долларынан аспайды. Экономикада және сыртқы саудада француз капиталына тәуелді. Халқының 90%-і а. ш-нда жұмыс істейді.
Буркина-Фасо – дамымаған аграрлық мемлекет. Әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Жұмысшылардың 90%-ы жиі құрғақшылықтан зардап шегетін натуралды ауыл шаруашылығымен айналысады. Негізгі экспорттық дақыл – мақта және арахис.
Табиғи ресурстар – марганец және мыс кендері, алтын, фосфориттер, никель, титан кен орындары.
2009 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ – $1,2 мың (әлемде 206 орын). Кедейлік шегінен төмен – халықтың жартысына жуығы.
Ауыл шаруашылығы – мақта, жержаңғақ, майлы дақылдар, құмай, тары, жүгері, күріш; қой мен ешкі өсіріледі.
Өнеркәсіп – мақта өңдеу, сусындарды өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сабын, темекі, тоқыма, алтын өндіру.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.