From Wikipedia, the free encyclopedia
Балх — Солтүстік Ауғанстандағы қазіргі Вазирабад (Балх) қаласының жанындағы көне қала. Ежелгі Балх Қытай мен Қашқар, Орта Азия мен Түркістан, Иран мен Үндістан, Таяу Шығыс елдерін жалғастырған Ұлы Жібек жолдары торабына салынып, ірі мәдени-экономикалық орталыққа айналған. Б.з.б. 250 — 130 жылдары шамасында Бактрия мемлекетінің, б.з.б. 1 ғасырдың соңы — б.з. 3 ғасырының басында Кушан патшалығының астанасы болды. Жазба деректер бойынша, Балх ислам діні пайда болып, Орта Азияға тарағанға дейінгі кезеңнің өзінде-ақ кемеліне келген ірі қала болған. 7 ғасырдағы арабтар жорығы кезінде қираған Балх 725 жылы қалпына келтіріле бастады. Сафари, Самани және Ғазнеуи әулеттері билік еткен тұста да (11—12 ғасырлар) қайтадан өркендеп, ең ірі саяси, мәдени және сауда орталықтарының бірі ретінде әлемдік деңгейге көтерілді. 1221 жылы көктемде қаланы Шыңғыс хан әскері басып алды. Бұл жөнінде ибн әл-Асир “қала өз еркімен беріліп, Шыңғыс хан кешірім етіп қиратпаған” деп көрсетсе, Ала әд-Дин Ата Мәлік Жуайни “моңғол ханы өз уәдесінде тұрмай, қаланы тас-талқан еткен” дейді. 1262 жылы қаланы өз көзімен көрген Марко Поло оның бұрын үлкен әрі әдемі қала болғанын, қазір де “әдемі сарайлары мен тамаша мәрмәр ғимараттары бар” ірі қала екенін жазған. 14 ғасырдың 40 — 50-жылдары Балхты Хусейн Әмірге шартты бағынған Илшигидайдың немересі Камил Шейһ хан басқарды. Осы жылдары басталған қайта қалпына келтіру жұмыстары 1368 жылы түгелге дерлік аяқталды. Қала 16 — 17 ғасырларда айтарлықтай дамыды, әсіресе, Шайбани, Аштархан әулеті үстемдік құрған тұста гүлдене түсті. Бұл кезде Балхта бірқатар архитектуралық ескерткіштер бой көтеріп, тамаша бақтар мен гүлзарлар салынды, суландыру ісі дамыды. Балх 16 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 19 ғасырдың ортасына дейін Бұхар әмірі мирасқорының ордасы болды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.