From Wikipedia, the free encyclopedia
Аллювий (лат. аlluvіо — тасынды, үйінді) — аллювийлі шөгінділер:
Аллювий (Аллювий шөгінді) — өзен мен жылғалардағы ұдайы немесе уақытша тасқынның нөтижесінде пайда болатын әр түрлі қиыршық тастардың, құм мен балшықтың шөгіндісі. Аллювий, аллювийлік шөгінділер – тау жыныстары үгінділерінің өзен аңғарларында жиналуынан пайда болатын борпылдақ шөгінділер. Аллювий латынша alluvіo, яғни шайма, тосқын дегенді білдіреді.
Аллювий қабаттары аққан судың күші мен бағытына байланысты және шөгетін бөлшектердің ірі-ұсақтығына қарай жіктеліп орналасады. Аллювий құрамында тұщы су жәндіктерінің, жануарлар сүйектерінің және өсімдіктердің қалдықтары мол ұшырасады. Кесек жыныстардан тұратын арналық аллювий өзендердің бойында көптеп кездеседі. Жазықтағы өзендердегі ұсақ түйіршікті шөгінділерден құралатын жайылмалық аллювий ондағы су деңгейінің маусымдық өзгеруіне байланысты қалыптасады. Өзеннің қазіргі арнасынан бір кезде бөлініп қалған бөлігінде ескі арналық аллювий түзіледі. Ал жайылма сыртында аллювийлік-делювийлік шөгінділер жиналады. Аллювий құрамында құнды таза элементтердің көптеген (алтын, алмас, платина, т.б.) кенқайраңдары ұшырасады. Аллювийлі шөгінділер жиналған тұстарда сапалы жер асты суы және бағалы құрылыс материалдары (құм, қиыршық тас) алынады.
Аллювий суы — өзен аңғарларының аллювий шөгінділері қабатындағы жер асты суы.
Су тұтқыш қабаттың қалыңдығы аллювий шөгінділерінің қалыңдығына байланысты жазықтағы ірі өзендерде 15 м-ге, кей жерлерінде 30—50 м-ге жетеді. Аллювий суы жер бетіндегі сулардан, атмосфералық ылғалдан, кейде тектоникалық жыра-жарықтар бойымен тереңде жатқан арынды су қабаттарынан келіп қүйылатын сумен толысады. Жер бетіне жақын әрі минералдылығы — төмен (1—3 г/л-ге дейін) болуы себепті Аллювий суы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Тұщы аллювий суының мол қорлары Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы өзен аңғарларында кездеседі. Соңғы жылдардағы жер беті суларының ластануы аллювий суына да кері әсерін тигізуде.
Аллювиал сулары (Аллювиальные воды; лат. аlluvіо — үйінде, тасынды) — өзен аңғарларында жиналған борпылдақ шөгінділердің қуыстарында қалыптасқан сулар.
Мұндай сулар арынсыз болады да, деңгейі өзендегі су деңгейінің маусымдық ауытқуына байланысты өзгеріп отырады.
Аллювиал сулары — халық шаруашылығында пайдаланылатын негізгі су көздерінің бірі.
Аллювийлік аңғар (Аллювиальная долина) — табаны өзен тасындыларымен (аллювиймен) жабылған аңғар.
Аллювийлік жазық (Аллювиальные равнины) — жер қыртысының аса кең ойыстарындағы ірі өзендердің аккумуляциялық әрекетінің нәтижесінде пайда болған жазықтар. Қалыңдығы ондаған метрлік аллювийден тұрады. Неғұрлым аумақты аллювийлік жазықтар тектоникалық опырылыс болған өңірлерде, өзендердің "адасуы" барысында пайда болады (Сырдария, Ганг, Брахмапутра, Хуанхэ өзендері аңғарларындағы жазықтар).
Аллювийлік терраса (Аллювиальная терраса) —аллювийден (өзен тасындылары) қалыптасқан өзен террасасы.
(Аллювиальный плащ):
==Аллювий, Аллювийлік шөгінділер== (лат. аііиі'іо - тосқын (тасынды), шайынды) — өзен аңғарларының жайылмалары мен террасаларын құрайтын арналық су таскындарының (өзендердің, жылғалардың) шөгінділері. Пайда болуы жағынан таулық және жазықтық өзендердің аллювийі, ал шөгу жағдайлары бойынша арналық, жайылмалық, ескі арналық және тағы да басқалары деп бөлінеді. Түйірөлшемдік құрамы койтастар мен малтатастардан бастап саздарға дейін өзгереді. [5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.