From Wikipedia, the free encyclopedia
Psyche — 2023 жылдың қазанында ғарышқа ұшырылған НАСА миссиясы, (16) Психея астероидын орбитадан зерттеуді көздейді.
Psyche | |
---|---|
Ұйымы | АҚШ, НАСА |
Басты мердігерлері | SpaceX |
Тапсырысы | Астероидтарды зерттеу |
Ұшыру күн-айы | 13.10.2023 ж., Кеннеди ғарыш орталығы[1] |
Сөре көлігі | Falcon Heavy зымыран-тасығышы |
Тапсырыс ұзақтығы | 5 жыл 10 ай баруға, 21 ай орбитада |
NSSDC нөмірі | 2023-157A |
Торабы | www.nasa.gov/psyche |
Массасы | 1648 кг (отынмен 2608 кг) |
Қуаты | 4500 Вт |
(16) Психея — Негізгі белдеудегі ең ауыр металды астероид. Жерден жүргізілген радарлық бақылаулар оның темір мен никельден тұратынын көрсеткен.[2]
Psyche астероидқа 2029 жылы жақындайды деп жоспарланған.
Миссия келесі сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап беруі тиіс:[3]
Psyche аппаратында төрт SPT-140 (Stationary Plasma Thruster) қозғалтқышы бар. Олар Холл эффектісінің негізінде жұмыс істейді, яғни электрлік қозғалтқыш болып келеді. (16) Психеяға жету үшін химиялық қозғалтқышқа қажет болатын отынның тек 10% ғана жеткілікті болады, әрі жылдамдығы көбірек болады. SPT-140 қозғалтқышы отынды жандырмайды, оны иондандырады және электр өрісі көмегімен соплодан шығарады. Пайда болатын реактивті ағын химиялық қозғалтқыштағыдан едәуір жылдамырақ болады. Отын ретінде ксенон пайдаланылады.[4][5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.