From Wikipedia, the free encyclopedia
Periscope — тікелей эфирде видео таратуға арналған қолданба (app). iOS және Android операциялық жүйелерінде жұмыс жасайды. Жасап шығарушылар - Кейвон Бейкпор мен Джо Бернштейн. 2015 жылдың наурыз айында қолданбаның стартапын Twitter 100 млн долларға сатып алған болатын.[1] 2015 жылдың 26 наурызында Twitter ресми түрде өзінің App Store аккаунтымен iOS-та қайтадан істе қосты.[2][3] Кейін, 2015 жылдың 26 мамырында Periscope Android үшін де қосылды.[4]
Periscope қызметтерін мобильді қосымшада, сондай-ақ Twitter-де де пайдалану мүмкіндігі бар. Twitter арқылы қосылған кезде, Periscope қолданушылары өзге қолданушылардың шынайы уақыттағы видеоны қарауы үшін туиттелген сілтемелерін көруіне мүмкіндік бере алады.[5]
Periscope қолданушылары өз видеоларын барлығы көре алатындай қып немесе белгілі бір таныстар тобына (мысалы, достар немесе отбасы) ғана көрсету функциясын таңдай алады.[6] Periscope-та видеоны көрушілер видеоны таратушыға деген лебізі ретінде телефон не планшет экранын басу арқылы "лүпіл" жібере алады. "Адамдар" қойындысының астында шынайы уақытта видеохабар тарату кезінде ең көп "лүпіл" жинаған қолданушыларды көрсететін "Ең көп ұнатылғандар" тізімі тұрады.[7] 2015 жылы қыркүйектің 10-да Periscope көлденең көрініс (landscape view) арқылы хабар тарату мүмкіндігін қосты.[8]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.