From Wikipedia, the free encyclopedia
Kraftwerk (крафтверк, неміс тілінен – электр станциясы) - электрондық музыка саласына зор үлес қосқан, Дюссельдорфтан шыққан немістің аты аңызға айналған музыкалық ұжымы. 1970 жылы Флориан Шнайдер (Florian Schneider) мен Ральф Хүттер (Ralf Hütter) құрылған топ көпшілікке сәл кейіннен оған Вольфганг Флүр (Wolfgang Flür) мен Карл Бартос (Karl Bartos) қосылып, квартет ретінде танылды. Бұл музыканттардың бірігуі негізінде пайда болған тұңғыш ұжым Organisation квинтеті болды.
Kraftwerk | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Жанры |
электронды музыка |
Белсенділік жылдары |
1970 - қазіргі уақыт |
Мемлекет | |
Қайдан | |
Топ құрамы |
Ральф Хюттер |
Бұрынғы қатысушылары |
Флориан Шнайдер |
www.kraftwerk.com |
Бас кезінде Pink Floyd музыкасына негізделген Organization құрамында болған Хүттер мен Шнайдер топтан шығып, Конни Планк (соңыра топ құрамынан шыққан) үшеуі мұнай айыру зауытының маңында орналасқан студияда жұмыс істей бастайды. Өндірістік шу, азан-қазанға толы айнала нәтижесінде олардың музыкалық шығармашылығына шешуші ықпал жасайды. Бірте-бірте механикаландырылған әуезге толық көшкен олар Kraftwerk көпшілікке белгілі өзіндік стиль жасай білді.
Өте жұтаң келетін музыкалық әуезге өндіріс орындары мен қалаларда болатын күнделікті дыбыстар қосылатын. Осы бағытта жазылған алғашқы «Ralf and Florian» күйтабағы тыңдаушыға жарқын, энтизузиазмге толы көңіл күй әперсе, екінші «Autobahn» күйтабағы бұрын-соңды болмаған музыкалық шешімдерді қамтыды. Айталық, немістің әйгілі автобандары бойымен жүйткіген автокөліктерден шығатын дыбыстар мен фонендоскоп арқылы күйшейтілген адамның тынысы осында көрініс тапты. Өнертапқыш музыканттар осының барлығын тәртіпке келтіріп, әсерлі мелодиялар шығара білді. Осы күйтабақты жазу барысында топ өздерінің «классикалық» құрамында ұйымдасты: ұжымға перкуссионист Вольфганг Флүр мен Карл Бартос келіп қосылды.
Соңыра жарық көрген «Trans-Europe Express» пен «The Man Machine» күйтабақтары топ ұстанған суық әрі таза электронды әуезді бағытын одан сайын бекітті. Ұжым жазатын музыкасынан адам құлағына жағымдының барлығы алынып тасталған болып көрінгенімен, Kraftwerk тобының синтезатордан өткізген сұрғылт, беймәлім дыбыстары тыңдарманды баурап алатын сиқырлығы болғанын жасырмау керек.
Ансамбль «өндірген» әрбір ән жинағында көптеген жаңашылдықтар қосылып отыратын. 80-жылдардағы электро-, синти-поптың әлемде жеткен жетістіктері толығымен Kraftwerk шығармашылығының жалғасы деуге болады. «Autobahn» үні бұл онжылдықтағы синтезаторлық музыканың барлығында дерлік сезіледі.
Топ өздерінің әртістік қырларын да танытып отырды. Мәселен, «Computerworld» күйтабағының әндерін орындау кезінде олар сахнаға қосымша синтезаторлар шығарып, өздерінен аумайтын манекендерді солардың тұсына қоятын. Ұжым мұнысымен компьютерлермен, техникамен туыстығын танытқысы келді. Өздері «бұл келешекте роботтар жазатын музыка дер едік. Олардың қолдарынан мұндай келмейтіндіктен, бұл міндетті өз иығымызға арттық. Біз роботтар мен адамдар арасындағы делдалдармыз», - деген еді. Музыканттардың сахнадағы қимылдары көзге роботтардың іс-әрекеттерін елестететін.
80-жылдары ұжымның екі-ақ күйтабағы жарыққа шығарды. «Computerworld»-тан бөлек, өндірістік бағыттағы «Electric Cafe» тыңдарманға жол тартты.
Ұзақ уақытқа созылған шығармашылық үзілістен соң, Kraftwerk Ганновердегі бүкіләлемдік көрмеге арнап, «Expo 2000» синглын шығарды. 2003 жылы көпшілік асыға күткен заманауи әуезді әрі топтың сарынындағы «Tour de France Soundtracks» атты күйтабақ жарық көрді. Бұдан соң болған топтың әлемдік турнесі кезіндегі жиылған материал «Minimum-Maximum» концерттік CD мен DVD-ге енді.
2009 жылы қаңтарда EMI таратқан ресми мәліметтерге қарағанда, топтың негізін қалаушылардың бірі, Kraftwerk-те 40 жыл жұмыс атқарған Флориан Шнайдер ұжым құрамынан шықты.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.