III Әбдіррахман

From Wikipedia, the free encyclopedia

III Әбдіррахман
Remove ads

III Әбдіррахман (араб.: عبد الرحمن الثالث‎‎; 7 қаңтар 891, Кордоба15 қазан 961, Медина Асаара), Испаниядағы Умәйя араб мұсылман әулетінің бірінші билеушісі. 912 жылы мұрагерлік жолмен атасы Абдаллахтың орнын басып, Кордоба әмірі лауазымына ие болады. 933 жылы Умәйялықтар Толедоны жаулап алғанға дейін таулы жерлерде бекініп алып, жыл сайын әскери жорық жасап, іргесіне шабуыл жасап тұратын мұсылман бүлікшілерін тез арада бағындыра бастайды. Солтүстіктен, христиандар тарапынан төнген қатерге төтеп бере отырып, 920 жылы Муэсте, 924 жылы Наваррада соғыс жүргізеді. 928 жылы өзін халиф деп жариялайды, 958 жылдары христиан корольдерін салық төлеуге мәжбүр етеді. Оның билігі тұсында Кордоба әлеуметтік, саяси және мәдени дамудың үлгісі ретінде көрінді. Христиан және еврей қауымы көркейіп, Кордоба атағы жағынан Византияның астанасы Константинопольмен терезесі тең дәрежеде болды.[1]

Quick Facts Лауазымы, Кордоба әмірі ...
Remove ads
Remove ads

Дереккөздер

Loading content...
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads