From Wikipedia, the free encyclopedia
Иннокентий III (Innocentius III), Лотарио ди Сеньи (Lotario di Segni) (1160/61, Ананьи, - 16.7.1216, Перуджа) - 1198 жылдан Рим папасы.
Иннокентий III католик шіркеуінің беделін көтеру мақсатымен Еуропа мемлекеттерінің саяси мәселелеріне араласты. Ол папалықты дүниелік(барлық әлемдік) өкіметтен жоғары қоюға ұмтылды. Барлық елдерде өктемдігін жүргізу үшін өзіне бой сұнбаған елдерді шіркеуден бөліп тастап отырды. Англия, Швеция, Дания, Португалия т.б елдердің корольдарын өзіне тәуелді етті. Ол Пруссияда өз үстемдігін орнату үшін 1202 жылы Семсерлер орденін құрды. Папаның қолдауымен бұл орден рыцарьлары Ливония және Эстония жерлеріне жорық жасады. Иннокентий III тұсында папашылықтың ықпалы барынша арта түсті.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.