From Wikipedia, the free encyclopedia
Chevron Corporation (қаз. Шеврон корпорациясы) – байырғы аса ірі мұнай компаниясы.
1873 жылы Лос Анжелесте (АҚШ) құрылған. 1900 жылы компанияны Д.Рокфеллер сатып алған. Қазіргі кезде штаб-пәтері — Сан-Францискода (Калифорния штаты). Шеврон мұнай-газ өнеркәсібі қызметінің барлық салаларына: көмірсутектерді барлауға, өндіруге, тасымалдауға және өткізуге қатысады, сонымен бірге мұнай-химия өнімдерін өндіру, оларды бөлшек сауда бағасымен сату ісімен де айналысады.
Корпорация дүние жүзінің 90-нан астам елінде жұмыс жасайды, 23 елде мұнай мен табиғи газды барлап өндіреді. Қызметкерлерінің жалпы саны 34 мың адамға жуық. Ол АҚШ-та мұнай өнімдерін сататын жетекші кәсіпорын, өз елінде табиғи газ өндіру жөнінен 3-орын алады. Компания жыл сайын 75 миллион тонна мұнай, 26 млрд. м3-ге жуық табиғи газ өндіреді. Қазақстанда компания бірнеше жобаға қатысады, “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорнының басты құрылтайшысы. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Шеврон Мұнай-Газ Корпорациясы арасындағы 1993 жылы қол қойылған келісім бойынша ол Атырау облысындағы Теңіз мұнай кенішінде 40 жыл бойына көмірсутектерді барлап, өндіреді. Ол Теңіз — Новороссийск мұнай құбырын салуға қатысты, сондай-ақ Каспий мұнай құбыры консорциумына белсене қатысушы.
Шеврон Қазақстандағы ең ірі жеке меншік мұнай өндіруші компания болып саналады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.