From Wikipedia, the free encyclopedia
Әбу Бәкр Ахмад ибн Әли немесе әл-Хатыб әл-Бағдати (1002, Газия — 1071, Бағдат) деген лақап атпен танымал көрнекті мұсылман ғалымы, хафиз, тарихшы. Куфа мен Мекке қалаларының ортасында орналасқан Ғазәйя қалашығында дүниеге келіп, өмірін Бағдатта өткізіп, сол жақта қайтыс болады.
әл-Хатыб әл-Бағдати араб.: الخطيب البغدادي | |
---|---|
Туғандағы есімі: | Әбу Бәкр Ахмад ибн Әли |
Лауазымдары мен атақтары: | Хафиз |
Қызмет аясы: | тарих, хадис |
Туған күні: | 1002 |
Қайтыс болған күні: | 1071 |
Азаматтығы: | Аббасилер халифаты |
Ұлты: | араб |
Әкесі: | Әли ибн Сабит |
Мазһабы, ағымы: | Әһл әс-Сунна, Әһл әл-Хадис |
Қызмет саласы: | Тарих, өмірбаяндар, хадис ғылымы |
Еңбектері, шығармалары: | «Тарих Бағдат», «әл-Джамиғ ли-Ахлақ әр-Рауи уа Әдәб әс-Самиғ» және т.б. 56 шақты шығарма. |
Білім алу жолында Мекке, Куфа, Басра және т.б. қалалрға сапар шегеді. Бағдатқа қайтып келгеннен кейін аббасилердің уәзірі Ибн Мусәлләмә оны құрмет тұтып, жақыны қылады.
Һижра бойынша 467 жылы ол Шам өлкесіне жол тартып, Дамаск, Халеб қалаларына, Триполиге барады. 463 жылы ол қатты сырқаттанып, қайтыс болар алдында мал-мүлкі мен кітаптарын қайырымдылыққа және ғұламаларға өсиет етеді.
Араб әдебиеті мен ақындық өнерін жетік меңгерген ол өзінен кейін 56 шақты әртүрлі ғылыми еңбектер мен шығармалар қалдырады. Олардың ең атақтысы — 24-томдық «Тарих Бағдат» («Бағдат тарихы») кітабы. Оның ішінде һижраның 5 ғасырына дейін Бағдат қаласында өмір сүрген ғұламалардың өмірбаяндары жинақталған.
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.