Мұхаммед пайғамбардың хадистерін зерттейтін ислами ғылым From Wikipedia, the free encyclopedia
Илм әл-хадис (араб.: علم الحديث ʻильм әл-хадис "хадис ғылымы") — хадистерді зерттеуге арналған білім саласы. Ислам дінінің алғашқы даму кезеңінен-ақ жолдан қосылған жалған хадистердің көбеюі мұсылман ғұламалары арасында сыни көзқарас туғызды. Мухаддистердің шынайы өсиеттерді жалғаннан ажыратуы үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туды. Мұсылмандық сыни көзқарас назарына іліккен басты мәселе өсиеттердің тікелей өз мазмұны емес, оларды таратушылардың тізбегі болды. Иснадтың, яғни жеткізушінің хакімдігі, олар арқылы жеткен өсиеттің негізділігіне кепіл болатын дәлелге жатқызылады. Мухаддистер үшін таратушылар тізбегінің сабақтастығын анықтаудың маңызы зор болды. Бұл таратушылар тізбегі «әр-риджәл» (ерлер) деп аталды. Олардың есімдерін, өмір сүрген жылдарын, бір-бірімен кездесіп, бірінен-бірі өсиет тыңдай алғандығын айғақтайтын өмірбаяндық деректерді анықтау мақсат етілді. Олардың адалдығы, ақылақтық тазалығын бағалаудың да маңызы болды. Таратушылар туралы тұтас деректер жинап, зерттеу хадис ғылымының ішіндегі ерекше бағыт — «әр-риджәл» (ерлер туралы ілім) бағытының пайда болуына әкелді. Өсиеттерді сыннан өткізу мұқият жүргізілді, осыған байланысты арнаулы терминдер жүйесі қалыптасты. Хадистердің алғашқы жинақтары муснад (негізгі, тірегі бар) үлгісі бойынша құрастырылды. Оларға енген хадистер ең алғашқы таратушы сахабалар есімдеріне байланысты топтастырылды. Өсиеттерді сыннан өткізу ісін 9 ғ.-дағы ірі тұлғалар, мұсылман әлемінде кең танымал болған алты канондық хадис жинақтарының авторлары Мұхаммед әл-Бұхари (870 ж. ө.), Муслим ибн әл-Хәджадж (875 ж. ө.), Ибн Маджаһ (886 ж. ө.), Әбу Дәуд әс-Сиджистани (888 ж. ө.), Мұхаммед әт-Тирмизи (892) және ән-Насаи (915 ж. ө.) бастады. Олардың жинақтары тақырыптық айдарлар немесе әңгіме арқауы бойынша орналасқан. Хадистерді зерттеу ісі кейінгі кезеңдерде де жалғасын тапты.[1]
Тарихы
Терминология
|
Өтініш, осы бөлімді толықтырыңыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.