Құранның бірінші жиі оқылатын (Құран бағыштаған кезде) сүрелердің бірі From Wikipedia, the free encyclopedia
Әл-Фатиха сүресі (араб. الفاتحة — Беташар сүре) — 1- Құран сүресі.
Сүре жиыны жеті аяттан тұрады. Қазақ халқы арасында айтылатын Бисміллә басы Әлхам-ды деп келетін сөз міне осы Фатиха сүресінің Құрандағы бірінші сүре екенін меңзейді. Сондықтан да Фатиха сүресі әлхам сүресі деп те аталады.
Бұл сүре намаздың әр рәкәғатында оқылуы керек. [1]
Бұл Құрандағы толығымен жіберілген алғашқы сүре. Бұл сүреде монотеистерді растайтын, сенушілер үшін Ізгі хабар болып табылатын, сенушілер мен күнәһарларды жазалау туралы ескертетін, Аллаға ғибадат ету қажеттілігін, қазіргі және болашақ өмірдегі бақытқа апаратын жолды көрсететін идеялар жиынтығы мен Құранның жалпы мағынасы туралы айтылады және Аллаға мойынсұнып, бақыт тапқандар мен мойынсұнбай шығынға ұшырағандарды айтады, сондықтан сүрені "кітаптың анасы" деп атайды.
1:1 بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمـَنِ الرَّحِيم
- Bismillāhi r-raḥmāni r-raḥīm
- Бисмил-лә һир-рахмәнир-рахим,
1:2 الْحَمْدُ للّهِ رَبِّ الْعَالَمِين
- Al ḥamdu lillāhi rabbi l-'ālamīn
- Әл-хәмду лил-лә һи роббиял-ғаләмин,
1:3 الرَّحْمـنِ الرَّحِيم
- Ar raḥmāni r-raḥīm
- Әр-рахмәнир-рахим
1:4 مَـالِكِ يَوْمِ الدِّين
- Māliki yawmi d-dīn
- Мәлики йәумид-дин,
1:5 إِيَّاك نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِين
- Iyyāka na'budu wa iyyāka nasta'īn
- Иййәкә нәғбуду уә иййәкә нәстәғин,
1:6 اهدِنَــــا الصِّرَاطَ المُستَقِيمَ
- Ihdinā ṣ-ṣirāṭ Sirat al-Mustaqim
- Иһдинәс-сыйроталь-мүстәкыйм,
1:7 صِرَاطَ الَّذِينَ أَنعَمتَ عَلَيهِمْ غَيرِ المَغضُوبِ عَلَيهِمْ وَلاَ الضَّالِّين
- Ṣirāṭ al-laḏīna an'amta 'alayhim ġayril maġḍūbi 'alayhim walāḍ ḍāllīn
- Сыйроталь-ләзинә әнғамтә ғаләйһим гойриль-мәғду би ғаләйһим уә ләд-долоьлин.
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын,
Барлық мақтау бүкіл әлемнің рәббиі Аллаға тән, Аса қамқор, ерекше мейірімді, Қиямет күннің иесі! Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз: Бізді тура жолға сала көр, Нығметке бөленгендердің жолына! Қаһарыңа ұшырағандардың жолына емес!
|
بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمـَنِ الرَّحِيم
الْحَمْدُ للّهِ رَبِّ الْعَالَمِين الرَّحْمـنِ الرَّحِيم مَـالِكِ يَوْمِ الدِّين إِيَّاك نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِين اهدِنَا الصِّرَاطَ المُستَقِيمَ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنعَمتَ عَلَيهِمْ غَيرِ المَغضُوبِ عَلَيهِمْ وَلاَ الضَّالِّين
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.