From Wikipedia, the free encyclopedia
Юсуф сүресі (араб. يوسف — Жүсіп) — 12-ш Құран сүресі. 111 аяттан тұрады. Бұл сүреде Жүсіп пайғамбардың оқиғасы байандалады. Жүсіп пайғамбар бізге оныме қоса Інжіл және Тәурат қасиетті кітаптарынан танымал.
Сүренің арабша мәтіні | |
Атауының мағынасы |
Жүсіп |
---|---|
Басқа атаулары |
Ахсан әл-касас |
Жіктелуі | |
Жерге түсірілу реті |
53 |
Статистика | |
Сүре нөмірі |
12 |
Аяттар саны |
111 |
Джуз |
12 – 13 |
Хизб |
24 – 25 |
Рукуғ саны |
12 |
Сөз саны |
1766 |
Әріп саны |
7166 |
Муқаттаға әріптері |
Әлиф, Ләм, Ра. |
Алдыңғы сүре | |
Келесі сүре | |
Аударма | |
Аудио | |
| |
Әлиф Ләм Ра. Бұлар ап-айқын Құранның аяттары. (1)
Расында біз мұны Арапша Құран түрінде түсірдік, әрине түсінерсіңдер.(2)
(Мұхаммед Ғ.С.) саған бұл Құранды уахи етуімізбен өзіңе қиссалардың ең жақсысын баян етеміз. Негізінде сен бұдан бұрын әрине хабарсыз едің. (3)
Сол уақытта Юсуф (Ғ.С.) әкесіне: “Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім” деді. (4)
(Яғқұп Ғ.С.): “Әй балақайым! Түсіңді туыстарыңа айтпа! Саған бір айлакерлік жасар. Расында шайтан адам баласына ашық дұшпан” деді. (5)
“Міне осылайша Раббың сені ұнатады. Саған түстердің жоруын үйретеді. Бұрыңғы аталарың Ыбырайым, Ысхақ (Ғ.С.) тарға нығметтерін тамамдағандай саған және Яғқұп (Ғ.С.) ұрпағына нығметін толықтастырады. Шәксіз Раббың толық білуші, хикмет иесі” (6)
Расында Юсуф туыстарының киссасында сұраушылар үшін өнегелер бар. (7)
Сол уақытта туыстары: “Юсуф және туысы, (Бінямын) әкемізге бізден жақсы көрінеді. Біз болсақ мықты бір топпыз. Дау жоқ, әкеміз ашық адасуда” деді. (8)
Олардан бір айтушы: “Юсуфты өлтіріңдер немесе бір жерге апарып тастаңдар. Өздеріңе әкелеріңнің алды бос қалды. Артынан да түзу бір топ боларсыңдар” деді. (9)
Іштерінен тағы бір айтушы: “Егер менің айтқанымды істейтін болсаңдар, Юсуфты өлтірмеңдер де оны бір құдықтың түбіне тастаңдар. Кейбір жүргінші тауып алар” деді. (10)
Олар: “Әй әкеміз! Юсуф туралы бізге сенбейтін саған не болды? Әрине оған қамқормыз” десті. (11)
“Ертең оны бізбен бірге жібер. Тамақтансын, ойнасын. Расында біз оны қорғаушымыз” десті. (12)
(Яғқұп Ғ.С.): “Расында сендердің оны алып кетулерің маған уайым салады. Әрі сендер оған кәперсіз қалып, оны қасқыр жеуінен қорқамын” деді. (13)
Олар: “Біз мықты бір топ бола тұра оны қасқыр жесе, әрине сол уақытта зиянға ұшыруашылардан болармыз” десті. (14)
Сонда олар, Юсуфты алып кеткен кезде, бәрі оны құдықтың түбіне тастауға бірлесті. Оған: “Туыстарыңа әлбетте осы істеріңнің хабарын бересің. Олар сезбейді” деп уахи еттік. (15)
Олар іңірде әкелеріне жылап келді. (16)
“Әй Әкеміз! Біз жарысып кеткенде, Юсуфты нәрселеріміздің жанына тастап кетсек, сонда оны қасқыр жепті. Енді шын айтсақ та, бізге сенбейсің ғой” десті. (17)
Сондай-ақ олар оның жейдесіне өтірік қан жағып әкелді. Әкелері: “Олай емес! Сендерге нәпсілерің бір істі жақсы көрсеткен екен. Енді көркем сабыр керек. Айтқандарыңа Алладан жәрдем тіленеді” деді. (18)
Бір жүргінші келіп, дереу сушыларын жіберді; ол қауғасын салып: “Ой сүйінші! Міне бір еркек бала” деді. Олар оны сауда малы етіп, жасырып қойды. Алла, олардың не істегендерін толық біледі. (19)
Олар оны кем бағаға бірнеше теңгеге сатып жіберді. Өйткені, Олар Юсуфқа ынтық емес еді. (20)
Мысырдағы оны сатып алған кісі әйеліне: “Орнын құрметтеп жақсы бақ. Мүмкін бізге пайдасы тиер немесе бала қып алармыз” деді. Осылайша Юсуфты ол жерге орналастырып, оған түстердің жоруын үйреттік. Алла өз ісіне өктем, бірақ адамдардың көбі білмейді. (21)
Ол ержеткенде, оған даналық, білім бердік. Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлаймыз. (22)
Юсуф тұрған үйдің әйелі (Зілиха), оның көңілін өзіне тартпақшы болды да есіктерді бекітті: “Қане кел бері!”, – деді. Юсуф (Ғ.С.): “Аллаға сиынамын. Ол (ерің) қожайыным, мені жақсы орынға қойды. Шынында залымдар құтылмайды” деді. (23)
Расында әйел одан ой қылды. Егер Раббыңның дәлелін көрмесе, Юсуф та одан ой қылған болар еді. Юсуфтан жамандық, арсыздықты бұруымыз үшін өстідік. Өйткені, ол ықыласты құлдарымыздан еді. (24)
Екеуі есікке жүгірді де әйел, оның жейдесін арт жағынан жыртып алып қалды. Екеуі есік алдында әйелдің қожайынына кездесіп қалып, әйел еріне: “Сенің жұбайыңа жамандық ойлаған біреудің жазасы сөзсіз абақты немесе жан түршігерлік азап” деді. (25)
Юсуф (Ғ.С.): “Ол, көңлімді өзіне тарпақшы болды” деді. Әйел жағынан бір айғақ: “Егер Юсуфтың жейдесі алдынан жыртылса, әйел шын айтты да ол, өтірікшілерден болады” (26)
“Оның жейдесі артынан жыртылса, онда әйел өтірік айтты да Ол, шыншылдардан” деп куәлік берді… (27)
Сонда оның жейдесінің арт жағынан жыртылғанын көрген ері: “Міне бұл, әйелдер, сендердің қулықтарың. Расында сендердің амалдарың үлкен” деді. (28)
“Юсуф, мұны қоя сал! Ханым, сен күнәң үшін жарылқану тіле! Расында сен қателесушілерденсің!”-(деді). (29)
Қаладағы қатындар: “Бастықтың әйелі жігітінен көңілі қыпты. Расында біз оны ашық адасушы көреміз” деп өсектеді. (30)
Зілиха, қатындардың өзіне сөгіс бергендіктерін естігенде; оларға шақыру жіберіп, олар үшін сүйеніп отыратын диван әзірледі де әрбіреуіне пышақ беріп, Юсуфқа: “Шық, оларға көрін!”,-деді. (Жеміс кесіп отырған қатындар,) оны көрген сәтте, бір түрлі ірі бағалап (естері шығып), өз қолдарын турады. Қатындар: “Ой Алла! Мынау адам емес; бұл біртүрлі құрметті періште-ақ қой” десті. (31)
(Зілиха оларға): “Ал міне, мені өсектегендерің осы. Расында оның көңілін мен қаладым. Сонда да абырой сақтады. Және де ол, әмірімді орындамаса, әлбетте абақтыға салынып, қор болушылардан болады” деді. (32)
(Юсуф Ғ.С.): Раббым! Бұлардың, мені істеуге шақырған істерінен маған зындан сүйкімдірек. Егер бұл қатындардың сұмдықтарын менен бұрмасаң,оларға бейімдеп надандардан боламын” деп тіледі. (33)
Сонда Раббы тілегін қабыл етіп, одан қатындардың сығандықтарын тойтарды. Өйткені Ол Алла, толық естуші, өте білуші. (34)
Сонсоң оларға дәлелдер көрінгеннен кейін де оны бір мерзімге дейін абақтыға салды. (35)
Және де Юсуфпен бірге екі жігіт бірге абақтыға кірді. Ол екеуінің бірі: “Мен түсімде арақ сыққанымды көрдім” деді. Екіншісі: “Мен төбеме нан көтеріп жүр екенмін. Одан құс жегенін көрдім. Бізге бұл түстердің жоруын айтып бер. Күдіксіз, біз сені жақсылық қылушылардан көреміз” деді. (36)
(Юсуф Ғ.С. оларға): “Сендерге қоректендірілетін тамақ келмей-ақ екеуіңе түстің жоруын айтып беремін. Бұл маған Раббымның үйреткендерінен. Шынында Аллаға сенбеген және ақырет күніне сенбеген бір елдің дінін тастадым” деді. (37)
“Аталарым, Ыбырайым, Ысқақ және Яғқұп (Ғ.С.) тардың дінін қудым. Біздің Аллаға ешбір серік қосуымыз тиісті емес. Бұл бізге әрі адам баласына Алланың бір мәрхаметі. Бірақ адамдардың көбісі шүкіршілік қылмайды.” (38)
“Әй менің абақты жолдастарым! Бөлек-бөлек Раббылар жақсы ма? Немесе әр нәрсеге өктем жалғыз Алла жақсыма?” (39)
“Сендердің Одан өзге шоқынған нәрселерің, сендер әрі аталарың атаған құр аттар ғана. Алла, оларға табынуға байланысты ешбір дәлел түсірмеген. Үкім Аллаға ғана тән. Ол, өзіне ғана құлшылық қылуларыңды бұйырған. Міне осы, тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді” (40)
“Әй абақты жолдастарым! (Бұл түс көрген екеуінің бірі патшаның сушысы, бірі аспазы екен.) Біреуің қожайынына арақ ішкізеді. (Бұрынғы жұмысын істейді.) Ал біреуің дереу асылып, басын құс шоқиды. Міне екеуің жоруын сұраған іс бітті.” (41)
Құтылады деп ойлаған екеуінің біреуіне: “Қожайыныңның жанында мені ескер!”-деді (Юсуф Ғ.С.). Сонда шайтан қожайынының алдында еске алуды ұмыттырды да сондықтан Юсуф бірнеше жыл абақты да жатып қалды. (42)
(Бір күні) патша: “Түсімде, жеті семіз сиырды жеті арық сиыр жеп жатқанын және жеті жасыл сабақтар, тағы солай қурағанын көрдім. Әй сыбайластар! Егер түс жоритын болсаңдар, менің түсімді жорыңдар” деді. (43)
(Олар): “Бұл шым-шытырық түс екен. Сондықтан біз мұндай түстердің жоруын білмейміз” деді. (44)
Ол екеуінің құтылғаны, Юсуфты бірталайдан кейін есіне алды да: “Мен сендерге оның жоруының хабарын беремін. Дереу мені абақтыға жіберіңдер” деді. (45)
(Ол, абақтыға барып): “Әй шыншыл Юсуф ! Бізге, жеті семіз сиырды жеті арық сиырдың жеуі және жеті жасыл сабақ пен қурағандары жайында жоруын бер. Олардың да оны білулері үшін адамдарға қайтып барайын” (46)
Юсуф (Ғ.С.): “Жеті жыл әдеттегіше егін егесіңдер де сонда орғандарыңды бастырмай сабақта қойып, бірақ аздап жейтіндеріңді ғана аласыңдар.” (47)
“Тағы бұдан кейін қатты (ашаршылық жыл) келеді. Бір аздап сақтанғандарыңнан басқа бұрыннан сол жинағандарыңды жейсіңдер.” (48)
“Ал бұдан кейін адамдар жаңбырға қанып онда жемістердің суын сығатын жыл келетін болады” деді. (49)
(Мұны естіген) патша: “Оны маған алып келіңдер” деді. Шабарман келген кезде, (Юсуф Ғ.С.): “Қожайыныңа қайтып бар. Ол, қолдарын кескен қатындардың мақсаттары не? Сұра! Күдіксіз Раббым, олардың қулықтарын толық біледі” деді. (50)
(Патша қатындарды жинап алып): “Юсуфтың көңілін алмақшы болғандарыңда жағдай не еді?” деп сұрайды. Әйелдер Алла сақтасын! Оған байланысты бір жамандық білмедік” десті. Уәзірдің әйелі де: “Міне шындық ортаға шықты. Оның көңілін алуды мен қалаған едім. Расында, ол анық шыншылдардан” деді. (51)
(Юсуф Ғ.С.): “Осы (қатындардың сұралу мәселесі) расында оған астыртын қиянат қылмағанымды патшаның білуі үшін. Күдіксіз Алла, қиянатшылардың қастығын оңайлатпайды” деді. (52)
“Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпсі жамандыққа бұйырады. Бірақ та Раббым мәрхамет етсе ол басқа. Күдіксіз Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді” (53)
Патша: “Оны маған алып келіңдер. Оны өзім үшін арнаулы адам қып алайын” деді. Патша Юсуфқа сөйлескен сәтте: “Әрине бүгін біздің алдымызда елеулі орның және сенімің бар” деді. (54)
(Юсуф Ғ.С. патшаға): “Мені мемлекеттің қазына бастығы қыл. Өйткені, мен оны қорғауды (басқаруды) білемін” деді. (55)
Міне, осылайша Юсуфты ол жерге орналастырдық. Қалаған жерінде отыра алады. Қалағанымызды мәрхаметімізге бөлейміз. Сондай-ақ жақсылық істеушілердің еңбегін зая қылмаймыз. (56)
Әрине иман келтіріп, тақуа болғандардың ақыреттегі сыйлығы тағы жақсы. (57)
(Ашаршылық жылдарында) Юсуфтың туысқандары келіп, жанына кірді. Сонда Юсуф оларды таныды. Олар, оны танымады. (58)
Юсуф (Ғ.С.) олардың жүктерін әзірлеткен сәтте: “Маған әке бір туыстарың (Биньямин) ды ала келіңдер. Шын мәнінде астық толтырғанымды және мейман достардың жақсысы екенімді көрмейсіңдер ме?”,-деді. (59)
“Егер оны маған келтірмесеңдер, менде, сендерге өлшеп берер жоқ. Сондай-ақ маған жақындамаңдар.” (60)
Олар: “Біз оны әкесінен қалауға тырысамыз. Сөзсіз мұны орындаймыз” десті. (61)
Юсуф (Ғ.С.) жігіттеріне: “Олардың (астық сатып алуға әкелген) өз нәрселерін де жүктерінің ішіне қойыңдар. Әрине үйлеріне қайтып барған кезде, оны біліп, мүмкін олар қайтып келер” деді. (62)
Сонда олар әкелеріне қайтып барғандарында: “Әй әкеміз! Біздің өлшеу тоқтатылды. (Астық бермейтін болды.) Сондықтан туысымыз (Биньямин) ды бізбен бірге жібер де (астық) өлшеп алайық. Сондай-ақ біз оны әлбетте қорғаймыз” деді. (63)
(Яғқұп Ғ.С.): “Бұдан бұрын туысына байланысты сендерге сенгенім сияқты бұған да сендерге сенейін бе? Дегенмен, Алла толық қорғаушы әрі Ол, мейірімділердің ең мейірімдісі” деді. (64)
Олар жүктерін ашқанда, Өздеріне қайтарылған нәрселерін тапты да: “Әй әкеміз! Не іздейміз! Міне нәрселеріміз өзімізге қайтарылыпты, тағы семьямызды қамтамасыз етіп, туыстарымызды қорғаймыз. Сондай-ақ тағы бір түйе (астық) өлшеуімізге болады. Негізінен бұл өлшеп әкелгеніміз шамалы” десті. (65)
Әкелері: “Бәрің бір-ақ қолды болып кетпейінше, оны міндетті түрде маған әкелулеріңе байланысты Алланың атымен серт бергенге дейін оны сендермен бірге жібере алмаймын” деді. Сөйтіп олар, әкелеріне серт берген сәтте, әкелері: “Алла айтқанымызға уәкіл” деді. (66)
Балаларына: “Әй балаларым! Қалаға бір қақпадан кірмей бөлек-бөлек қақпалардан кіріңдер. Онымен қатар сендерден Алланың бұйрығынан еш нәрсені кетіре алмаймын. Үкім Аллаға ғана тән. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін” деді. (67)
Олар, әкелерінің әмірінше, кірген болса да олардан Алланың тағдырынан ешнәрсені кетіре алмайтын еді. Бірақ Яғқұп (Ғ.С.) көңіліндегі бір қажетін ғана атқарған болды. Өйткені ол, біз үйреткендіктен білім иесі еді. Алайда, оны адамдардың көбі білмейді. (68)
Олар Юсуфтың жанына кіргенде, Юсып туысын (Бінямынды) өз қасына алып: “Мен, сенің ініңмін. Олардың істегендеріне кейіме” деді. (69)
Юсуф (Ғ.С.) олардың нәрселерін қамдағанда, су ыдысын өз туысының жүгінің ішіне қойып, олар жүрген соң бір айғайшы: “Әй керуенші! Сендер анық ұрысыңдар!” деп айғайлады. (70)
Олар, бұларға бұрылып: “Не нәрсе жоғалттыңдар?”, – деді. (71)
Бұлар: “Патшаның су ыдысын жоғалттық. Оны әкелген кісіге бір түйе жүк сыйлық бар. Әрі мен оған жауаптымын” деді. (72)
Олар: “Аллаға ант етеміз. Расында бұл жерге бұзақылық үшін келмегенімізді әрине білдіңдер. Сондай-ақ біз ұры емеспіз” деді. (73)
Бұлар: “Егер өтірікші болсаңдар, оның жазасы не?”, – деді. (74)
Олар: “Оның жазасы, кімнің жүгінен шықса, сонда оның өзі жазалы. Біз залымдарды осылайша жазалаймыз” деді. (75)
Өз туысының жүгінен бұрын олардың жүгін тінте бастап, сонсоң оны туысының жүгінен шығарды. Осылайша Юсуфқа әдіс үйреттік. Өйткені, Алла қаламайынша патшаның заңында туысын алып қала алмас еді. Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар. (76)
Олар: “Егер бұл ұрлық қылса, әрине туысы да бұрын ұрлық қылған болатын” деді. Сонда Юсуф (Ғ.С.) ол сөзді жүрегінде сақтап, оларға әшкерелемеді. (Ішінен): “Сендер тағы жаман орындасыңдар. Алла айтқандарыңды жақсы біледі” деді. (77)
Олар: “Әй қожайын! Бұның кәрі әкесі бар. Сондықтан оның орнына бірімізді ал. Шын мәнінде біз сені игілік істеушілерден көреміз” деді. (78)
(Юсуф Ғ.С.): “Нәрсемізді жанынан тапқан адамнан басқаны алып қалудан алудан Аллаға сиынамыз. Біз ол уақытта анық залымдардан боламыз” деді. (79)
Олар, Юсуфтан күдер үзген сәтте, оңашаланып кеңесті. Олардың үлкені: “Білмейсіңдер ме? Расында әкелерің сендерге байланысты Алланың атымен серт алған. Сондай-ақ бұрын Юсуф жайында орасан айыптысыңдар. Сондықтан маған әкем рұқсат бергенге немесе мен үшін Алла бір үкім қылғанға (өлгенге) дейін осы жерден әсте айрылмаймын. Ол Алла үкім етушілердің ең жақсысы” деді. (80)
“Сендер әкелеріңе қайтыңдар да: Әй әкеміз! Шын мәнінде ұлың ұрлық қылды. Біз білгенімізге ғана айғақпыз. Сондай-ақ біз көместі білмейміз деңдер.” (81)
“Ал біз ішінде болған қаладан және бізге кездескен керуеннен сұра. Сөз жоқ, біз шын айтамыз” (82)
(Яғқұп Ғ.С.): “Олай емес. Сендерді нәпсілерің бір іске қызықтырған екен. Енді маған көркем сабыр керек. Бәлкім Алла олардың бәрін маған келтірер. Өйткені, Ол толық білуші, хикмет иесі” деді. (83)
(Яғқұп Ғ.С.) олардан теріс айналып: “Ой қайран Юсуф !”, – деп күйіктен көздері ағарып, сонда ол қасіреттеніп іштей тынды. (84)
Олар, әкелеріне: “Аллаға ант етеміз. Күйіктен ерігенге немесе типыл болғанға дейін Юсуфты жоқтай бересің” деді. (85)
(Яғқұп Ғ.С.): “Мен күйзелісімді де күйінішімді де Аллаға ғана шағамын. Әрі Алладан сендер білмеген нәрсені білемін” деді (86)
“Әй ұлдарым! Барыңдар да Юсуфты және туысын іздестіріңдер! Сондай-ақ Алланың мәрхаметінен күдер үзбеңдер. Өйткені, Алланың рахметінен, қарсы болған қауым ғана күдер үзеді…” (87)
Олар, Юсуф (Ғ.С.) қа барып, кірген сәтте: “Әй қожайын! Бізге және семьямызға ашаршылық тиді. Онымен қатар мардымсыз бір нәрсемен келдік. Сонда да толық өлшеп бер. Тіпті бізге садақа да бер. Күдіксіз Алла, садақа берушілерді сыйлайды” деді. (88)
(Юсуф Ғ.С.): “Сендер білместіктен Юсыпқа және туысына не істегендеріңді білесіңдер ме?”, – деді. (89)
Олар: “Сен өзің шын Юсуфсың ба?”, – деді. “Мен Юсуф, мынау туысым. Расында Алла бізге игілік қылды. Шын мәнінде кім Алладан сақсынса, сабыр етсе, күдіксіз Алла жақсылық істеушілердің еңбегін зая қылмайды” деді. (90)
Олар: “Аллаға ант етеміз. Рас Алла сені бізге ықпалды етті. Өйткені, біз күнәкар едік” деді. (91)
(Юсуф Ғ.С.): “Бүгін сендерге сөгіс жоқ. Алла сендерді жарылқайды. Ол мейірімділердің ең мейірімдісі” деді. (92)
“Енді мына жейдемді апарып, әкемнің бетіне қойыңдар; көзі көруге келеді. Біртұтас үй-іштеріңмен маған келіңдер” деді. (93)
Керуен Мысырдан айрылып шыққан кезде, олардың әкесі (Яғқұп Ғ.С.): “Егер алжыды демесеңдер шын мәнінде мен Юсуфтың иісін алып отырмын” деді. (94)
Ел: “Аллаға ант етеміз. Әрине сен бұрынғы жан-сақтықтасың” деді. (95)
Сүйіншісі келген сәтте, жейдені Яғқұп (Ғ.С.) тың бетіне қоя сала көзі көруге айналды: “Сендерге Алла тарапынан сендер білмейтін нәрсені білемін демеп пе едім?” деді. (96)
Ұлдары: “Әй әкеміз! Біздің күнәларымыздың жарылқануын тіле! Расында біз қателескен едік” деді. (97)
Яғқұп (Ғ.С.): “Сендер үшін Раббымнан жарылқау тілеймін. Өйткені, Ол аса жарылқаушы, ерекше мейірімді” деді. (98)
Олар, Юсуф (Ғ.С.) тың қасына барғанда әке-шешесін өз қасына алды да: “Алланың қалауы бойынша Мысырға бейбіт түрде кіріңдер” деді. (99)
Әке-шешесін таққа көтерді. Барлығы Алла үшін сәждеге жығылды. (Юсуф Ғ.С.): “Әй әкетайым! Міне бұрыңғы көрген түсімнің жоруы. Рас оны Раббым ақиқатқа шығарды. Сондай-ақ шайтан туыстарым мен менің арамды бұзғаннан кейін, мені абақтыдан шығарып, сахарадан сендерді келтіріп, маған рас игілік етті. Күдіксіз Раббым қалағанына өте мейірімді. Ол толық білуші, хикмет иесі.” (100)
“Раббым маған патшалық бердің және түстердің жоруын үйреттің. Көктер мен жердің жаратушысы, Сен дүние, ақыретте иемсің. Мені бой ұсынған күйде өлтіріп, игілерге қос!” (101)
(Мұхаммед Ғ.С.) саған бұл қиссаны көмес хабарлардан уахи етеміз. Олар іс жүзінде бірлесіп (Юсуфқа) мекерлік жасағанда, жандарында болмаған едің. (102)
Сен, қанша ынтазар болсаң да, адамдардың көбі иман келтірмейді. (103)
(Істегендеріңе) олардан ақы сұрамайсың. Ол Құран бүкіл әлемге тән үгіт. (104)
Көктерде және жерде қаншалаған дәлел бар. Адамдар оған көңіл бөлмей өтеді. (105)
Олардың көбі Аллаға иман келтірмейді. Сондай-ақ олар ортақ қосады. (106)
Ал олар, Алланың баурап алушы азабынан немесе кенеттен сезбеген түрде қияметтің келіп қалуынан қауіпсіз болды ма? (107)
(Мұхаммед Ғ.С.): “Менің жолым осы. Алла жаққа шақырамын. Мен және маған ергендер, ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ серік қатушылардан емеспін” де. (108)
Сенен бұрын да кенттердің халқынан өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жібердік. Ал енді олар өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанын жер жүзін кезіп көрмей ме? Әрине ақырет жұрты тақуалар үшін қайырлы, түсінбейсіңдер ме? (109)
Хатте пайғамбарлар күдер үзіп, олар шын мәнінде жасынға шығарылдық деп ойлаған кезде, өздеріне жәрдеміміз келген еді де сонда қалағанымыз құтқарылды. Сондай-ақ бейнетіміз күнәкар қауымнан қайтарылмайды. (110)
Әрине пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге бар. Құран бір жасама сөз емес. Бірақ өзінен бұрынғы кітаптарды растайды. Сондай-ақ иман келтірген ел үшін әр нәрсені ашықтайтын тура жол және игілік. (111)[1]
Алдыңғы сүре: Һуд сүресі |
Құран - 12 сүре | Келесі сүре: ар-Ра'д сүресі |
Арабша мәтіні — Қазақ тілі | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 |
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.