From Wikipedia, the free encyclopedia
Әліби Тоқжанұлы Жангелдин (2 маусым[1] 1884 — 14 тамыз 1953) — Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, республиканың мемлекет қайраткері, кіші әлем саяхатын жасаған жиһанкез, қазақ даласындағы алғашқы туризмге жол салушы.
Әліби Жангелдин | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Қайдауыл, Торғай уезі, Торғай облысы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мемлекет | |
Қызмет еткен жылдары |
1916–1920 |
Шайқасы |
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс, |
Марапаттары |
Әліби Жангелдин 1884 жылы Торғай даласының Қайдауыл ауылындағы кедей шаруа отбасында дүниеге келеді. Орта жүздің қыпшақ руынан еді.[2][3] Отбасында сегіз бала болыпты: үш ұл және бес қыз бала. Әліби баланың тұңғышы болғандықтан, әкесіне байдың қойын бағысуға көмектескен. Байлар малын шұрайлы Қайдауыл жеріне Әлібидің әкесіне қалдыратын. Мал бағудан бөлек әкесі жиі аңға шығатын және әрдайым ұлын бірге алып жүретін. Әлібиді бөдене, қаздарды атумен шынымен қызықтыратын. Қайдауыл өңірінде көп кездесетін ақбөкендер мен аққұйрықтарды да аулаған. Әліби жеті жасынан атқа шабатын.
Ерте жасынан Әлібидің оқуға деген зор ынтасы болды, алайда жақын арада мектептердің жоқтығы бұған кедергі болды. Бір күні Торғайдың бір мұғалімі Қайдауылға келді. Жас Әліби ұстаздың оқалы бас киіміне, алтын түймелі былғары бешпентіне, жалпы ісем киінгеніне қызығып, мұғалім болу деген ойы пайда болды. Торғайлық мұғалім оның есте сақтау және тез үйрену қабілеттерінің жақсы жетілгенін байқап мектепке шақырады.Әлібидің әкесіне бұл ой мүлдем ұнаған жоқ, оқу туралы тіпті тыңдағысы келмеді. Алайда көп ұзамай Әліби үйінен қашып, керуенге ілесіп Торғайға жетеді. Торғайда мектепке түсіп оқушылармен, мұғалімдермен танысып, достық орнатады, әсіресе жер аудартылған бір еңбек мұғалімімен өте тығыз, жай ғана мұғаліммен оқушы арасындағыдан әлде қайда артық достық орнайды. Дәл осы жерде ол аты аңызға айналған батыр Амангелді Имановпен бірінші рет кездеседі. Көп ұзамай әкесі оны іздеп тауып үйіне қайтарады.
Жангелдин естелігінен: "Жер дүниені айналу саяхаты төрт жылдан артық уақытқа созылды. Мен теңіз және темір жолдармен жүргенді есептемегенде, фотоаппаратымды арқалап, жаяу он екі мың шақырым жүріп өттім. Күндіз жүріп өткен жерлерімді суретке түсіріп, түнде оларды химикаттармен айқындап, шығарып отырдым. Дәрістер оқып, баяндамалар жасап, суреттер сатып, тамағымды асырадым. Мен жаяу Польшаны, Австро-Венгрияны, Сербияны, Болгарияны, Турцияны, Сирияны, Палестинаны, Африканы, Египетті, Абиссинияны басып өттім. Кері оралған жолымда айналып отырып, Араб түбегі, Мессопатамия, Персия, Үндістан, Цейлон аралы, Малая архипелагы, Үндіқытай түбегі, Сиам корольдігі, Аннам, Қытайдың оңтүстік бөлігі, Формозу аралы арқылы жүріп өттім. 1912 жылы Жапонияға жеттім."
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.