From Wikipedia, the free encyclopedia
Алименттер (лат. alimentum — "тағам, асырап-бағу") — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат.
Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:
Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:
Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:
Алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған кезде кәмелетке толмаған балаларға өндіріліп алынатын алименттер мөлшерін заң төлеуші жалақысына үлесті қатынаста айқындайды. Сонымен көмелетке толмаған бір балаға ата- анасының айлық жалакысының не өзге де табыстарының төрттен бір бөлігі, екі балаға — үштен бір бөлігі, үш және одан да көп бала үшін— тең жартысы мөлшерінде. Сот, сондай-ақ тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын немесе өзге де көңіл бөлуге тұратын жайттарды ескере отырып, бұл үлестердің мөлшерін көбейте немесе азайта алады.
Ата-анасының жұмыс таба алмауы осыған жатқызылуы мүмкін. Сот мұндай жағдайда алимент мөлшерін азайтып жалақының 1/4 бөлігінің орнына 1/6 бөлігін өндіріп алуды белгілейді.
Сот әрбір нақты жағдайда осы жайттардың бәрін де ескереді. Заңда, сонымен қатар ерекше жағдайлар туындаған кезде ата-аналардың балаларды асырап-бағуға қосымша шығындар жасауға қатысу міндеттері де белгіленген. Мысалы, балалардың ауыр науқасы, шипажайлық ем қажеттігі және басқалары. Сот мұндай жағдайда алиментке қоса қосымша ақылай қаржы. төлеуді немесе балаларды нақты асырап-бағуға қаржы сомасын белгілейді.
Заңда жалақының немесе табысының үлестері ретіғіде алимент өндіріп алудан басқа — ай сайын төленуге тиісті тұрақты ақша сомасын өндіріп алу сияқты алимент төлеудің өзге де тәсілі қарастырылған. Сот бұл соманың мөлшерін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларына орай әрбір нақты жағдайды жеке айқындайды. Алименттердің тұрақты ақша сомасы ретінде өндіріп алынуының мысалдары көп кездеседі: алимент төлеушінің табысының тұраксыздығы немесе жиі өзгеріп отыруы; жалакысын заттай алуы және т.б.
Алимент төлеуші суретші болса, сома мөлшері оның сататын картиналарының санына және бағасына байланысты болады. Егер алимент төлеуші ата-ананың жалақысы не өзге де табыстары мүлде болмаса, алимент мүлік түрінде өндіріліп алынады. Ата-аналардың табыстары және мүліктері болып, оны олар жасырған жағдайда күшпен мәжбүрлеп өндіріп алу қолданылуы немесе алимент төлеуден касақана жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларға қатысты алименттік міндеті балалар кәмелетке толғанда тоқтатылады. Алайда заң кәмелетке толған балаларға қатысты, олар еңбекке жарамсыз және көмекке мұқтаж болған жағдайда алименттерді сақтау мүмкіндігін де қарастырады. Бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек балалар еңбекке жарамсыз болып табылады.
Сот балалардың мұктаждығын нақты жағдайларды ескере отырып аныктайды. Біріншіден, ешқандай табысы жоқ адам мұктаж деп танылады, екіншіден, егер тапкан табысы қалыпты тұрмыс құруға жеткіліксіз болса (өмір сұру минимумынан төмен).
Сот жақтардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алиментін ол төленетін соттегі айлық есептік көрсеткішке (АЕК) қатысты еселеп белгілейді.
АЕК 1000 теңге болса, сот 6 еселік көрсеткіш белгілейді, демек, айсайын өндіріліп алынатын сома 6000 теңге (1000x6=6000) болады.
Еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж кәмелетке толған балаларды асырап-бағу міндеті ата-аналардың екеуіне де бірдей.
Кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамкорлық жасауға және оларға көмек көрсетуге міндетті. Ата-анаға қамкорлық дегеніміз — оларға моральдық қолдау көрсету, тиісті көңіл бөлу, құрметтеу және көмектесу. Олардың өмір сүруіне қажетті материалдық қаржы бөлу, ата-аналарға көрсетілетін көмектің айрықша түрі болып табылады. Әдетте, кәмелетке толған балалар тарапынан көмек көрсету ерікті болып табылады. Бірақ кәмелетке толған балалары тиісті көмек көрсетпеген жағдайда, ата-аналарының сот арқылы олардан алимент өндіріп алуға қақысы бар.
Алименттер кәмелетке толған балалардың әрқайсысынан өндіріліп алынады. Алимент мөлшерін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, айлық есептік көрсеткішке қатысты еселенген түрде сот айқындайды. Демек, сот балалардың әрқайсысына қатысты тең еселенген көрсеткіш не бұған керісінше көрсеткіш қолдана алады.
Қызы 5 еселенген мөлшерде алимент төлеуге міндетті болса, ал ұлы — 7 еселенген мөлшерде, өйткені сот бұл арада қызының көмелетке толмаған өз балалары барын да ескерген. Сонымен айлық есептік көрсеткіш 1000 теңгені құрайтын болса, еңбекке жарамсыз ана ай сайын 12000 теңге (5х1000)+(7х1000) алып тұратын болады.
Алайда балаларынан алимент талап етуші ата-аналары бұрын оларды асырап-бағудан жалтарған болса, онда сот балаларды ата-аналарын асырап-бағу міндетінен босатуы мүмкін.
Отбасылық заңнама сондай-ақ ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде біріне-бірі материалдық қолдау көрсету міндеттерін де көздейді. Ерлі-зайыптылар арақатынастары қалыпты болған жағдайда бір-біріне ерікті түрде көмектесіп тұрады. Бірақ ерлі-зайыптылар біріне-бірі көмек көрсетпеген жағдайда, мұқтаж жұбайы алимент өндіріп алу жөнінде сотқа талап түсіруге қақысы бар. Сот тәртібімен алимент өндіріп алу үшін мынадай шарттардың болуы қажет: • тіркелген неке; • еңбекке жарамсыздығы және материалдық көмекке мұқтаждығы; • мұндай көмек көрсету үшін екінші жұбайының қажетті қаржысы болуы керек.
Әйелінің жүкті кезінде және олардың ортақ балалары туған күннен бастап үш жыл бойына өз жұбайынан асырап-бағуға қаржы сұрауына құқығы бар. Әйел екіқабат кезінде жүктілігі мен тууына байланысты еңбек демалысына шыққанша жұмыс жасайды, бұл жағдай көбінесе осыған байланысты. Осы кезеңде, сондай-ақ бала туғаннан кейін ананың қосымша шығындары көбейіп кетеді: бала тағамы, нәрестенін киім-кешегі, медициналық көмек және басқалары. Бұлардан басқа, заңда мүгедек баласын бағып-күтетін жұбайдың алимент өндіріп алу құқығы да көзделген.
Қажетті қаржысы бар бұрынғы жұбайынан сот тәртібімен алименттер төлеуді талап етуге мынадай қақысы бар: • бұрынғы әйелі жүкті кезінде және ортақ балаларын туған күннен бастап үш жыл бойына; • ортақ мүгедек балаларын бағып-күтетін мұқтаж, бұрынғы жұбайы; • некелерін бұзғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған мұқтаж, бұрынғы жұбайы.
Алименттік міндеттемелер мына жағдайларда тоқтатылады. Егер алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған болса, онда ол баланың кәмелетке толуына байланысты тоқтатылады. Егер кәмелетке толмаған бала некеге тұрса, онда алименттікке міндеттемелер де тоқтайды.
Алименттер төлеу, сондай-ақ асырап-бағу үтттін сот тәртібімен алименттер өндіріліп алынған, бала асырап алынған жағдайда тоқтатылады.
Бұрынғы жұбайлардың алименттік қатынастары алимент алатын жұбайының жаңадан некеге тұруына байланысты тоқтатылады.
Бұрынғы жұбайының еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенде немесе оның алименттік көмекке мұқтаждығы тоқтаған жағдайда алименттік қатынастар тоқтатылады.
Алименттік қатынастар алимент алушы адамның немесе оны төлеуге міндетті адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады.
Егерде алименттік міндеттемелер тараптардың алименттер төлеу жөніндегі келісімімен белгіленген болса, онда ол тараптардың біреуі қайтыс болған жағдайда не келісім мерзімі өткен жағдайда, не алименттер төлеу жөніндегі келісімде көзделген негіздерге байланысты болады.
Сонымен, алименттер дегеніміз — заңда белгіленген жағдайларда отбасының бір мүшелерінің оның екінші бір мүшелері пайдасына төлеуге тиісті белгілі бір ақшалай қаражаттары. Алименттік міндеттемелердің негізі — отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке жарамсыз және мұктаж мүшелерін асырап-бағу. Алименттер сот шешімі бойынша (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімі бойынша (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік міндеттеме — бұл сот шешімі немесе тараптардың келісімі негізінде туындайтын кұқықтық қатынастар. Оған байланысты алименттік міндеті бар адам (төлеуші) басқа адамға (алимент алушыға) оны асырап-бағуға қажетті қаржы төлеп тұруға міндеттенеді, ал алушының талап етуге қақысы бар. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.