From Wikipedia, the free encyclopedia
Әбул-Қасим Махмуд ибн Омар ибн Мұхаммед ибн Омар әл-Хорезми әз-Замахшари атақты мутазила ғалымы, Құран тәпсіршісі, әдебиет білгірі. Һижра бойынша 467 ж. (1074) раджаб айының 27 жұлдызында, бейсенбі күні Замахшар (араб.: زَمَخْشَر) қаласында дүниеге келген. Имам әс-Самғани ол туралы айтады:
«Әдебиеттің білгірі, көптеген шығармалардың авторы, Ирак пен Хорасанда білім алған. Ол қай қалаға келсе де, оған жиналып, сабақ алатын болған. Ол шежіренің (генеалогия) білгірі болған»— «Китаб әл-Ансаб»; әс-Самғани
Әз-Замахшари ақида негіздерінде мутазили, фиқһте ханафи мазһабын ұстанған. Мутазила мазһабын таратумен айналысып, соған арнап кітаптар жазған. Өзін «Әбул-Қасим әл-Мутазили» деп атаған. Ол Құран Кәрімнің аяттарын мутазилиттердің сеніміне сай тәпсірдеуде алдына жан салмай еңбектенген, әлі күнге шейін тілдік талдау жағынан ұқсасы жоқ «әл-Кашшаф» тәпсірін жазған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.