From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақида (араб.: عقيدة - сенім, бұлжымайтын қағида; көпше түріндегі тұлғасы - ақаид) - Ислам дініндегі негізгі қағидалар жиынтығы. Бұлар Әбу Ханифаның «әл-Фиқһ әл-Акбар», ән-Насафидің (1142 жылы өлген) «әл-Ақаид», ас-Санусидің (1490 жылы өлген) «Умм әл-бараһин» секілді жинақтарында көрініс тапқан. Бұлардың ең бастысы: Аллаһ бір, Пайғамбар хақ деп білу, қасиетті кітаптарға, Құранның ақиқаттылығына, о дүниеде болатын тергеу мен сотқа, тозақ пен пейіштің барлығына сену. Исламдағы басты наным-сенім, түбірі арабтың ғақд - байлау деген сөзінен шыққан, яғни жүректі белгілі бір наным-сенімдерге бекіту.[1]
Аллаһ Тағала былай дейді: «Түйіншектерге (`уқод) дем салушылардың кесірінен (Аллаһқа сиынамын)» (Фалақ сүресі, 4-аят).
«Әй, иман келтіргендер, уәделеріңді (`уқуд) орыңдаңдар!» (Мәида сүресі, 1-аят).
Осымен түбірлес «`ақида» сөзі. Шариғаттық термині ретінде ақида сөзі - адамға діннен белгілі және жүрегімен анық сенетін нәрселердің барлығын білідіреді. Бұл білім саласын немесе осы ғылымды «усулуд-дин» (дін негіздері) деп те атайды. Тағы да оны «әт-Таухид» (бірқұдайшылық) деп атайды, өйткені бұл ғылымның қарастыратын басты мәселесі Аллаһтың затындағы, есімдері мен сипаттарындағы, Оның істеріндегі бірлігі. Оны «иман» (сенім) деп те атайды, себебі Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбрейілдің иман туралы сұрағына жауап беріп, оның алты негізін атап кетті: Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ақырет күніне және тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіру.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.